Звоните на номер:

ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Маукенова Айдана Тулеуғазықызы
1 курс магистранты,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы КеАҚ
Казақстан, Семей қ.
 
АННОТАЦИЯ
 
Бұл мақалада «Ықтималдықтар теориясын» үйрету барысында ойын арқылы оқыту әдісін қолданудың пайдасы туралы қарастырылады. 
Мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру оқу процесінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Оқушыларды ынталандыру мұғалімдер үшін үлкен мәселелердің бірі.  Тек қана дәстүрлі сабақ оқыту әдісін қолдану оқушылардың бойында енжарлық тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан сабақ іш пыстырарлықтай болмас үшін белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімді болып табылады. Осы орайда ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану  арқылы оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерін арттыруға болады. Ықтималдықтар теориясы мен статистика тақырыптарының есептерін шығару мектеп оқушыларында қиындықтар туғызып жатады. Осы тақырыпты оқушылардың жадында жақсы сақталуы үшін әртүрлі ойындарды қолдана отырып оқытуымызға болады. Қазіргі таңда әр түрлі шоу бағдарламалар көп. Осы ойын-шоу бағдарламаларынан өзіміздің сабағымызға ыңғайластырып интеллектуалды және басқа да ойындарды пайдалана аламыз. Мысалдар келтірелік.
1-сабақ:
Оқыту мақсаты: Оқушылар ықтималдықтар ұғымдарымен танысады; тәуелді оқиғалар мен тәуелсіз оқиғалар туралы түсінік қалыптастырады.
Материалдар: Тапсырмалар жазылған таратпа қағаздар, M&M тәттілері.
Ойын: Тәттілерді бөлу - оқушылар M&M кәмпиттерін 5 түрлі ыдысқа әр ыдыста бірдей түстен болатындай етіп  бөлуі керек. [2]
Алдымен оқушыларға NBC веб-сайты ұсынған «Тәттілерді бөлу» ойыны туралы бейнеролик көрсетіледі. Содан кейін біз ережелерді талқылаймыз. Берілген тапсырма бойынша жұппен жұмыс жасағанда бір оқушы таймер, ал екіншісі қатысушы ретінде жұмыс істейді. Таймер уақытты бастағанша қатысушы M&M пакетін аша алмайды, сондықтан ішіндегі түрлі-түсті тәттілердің санын көре алмайды. Әрбір оқушы тапсырманы орындағаннан кейін, әр жұп өздерінің жалпы кәмпиттері мен әр түсті кәмпиттерін жазып алады. Оқушылар нәтижелерін жазып болғаннан кейін тәттілерін жейді, ал мен осы кезде оқиғаның ықтималдығы туралы анықтама беремін. Сонымен қатар тәуелсіз және тәуелді оқиғалар туралы түсіндіріп өтемін. Бұл оқушылар дәптерге түсіретін жазбалар болады. Содан кейін оқушылар талқылауға және тапсырмалар жазылған таратпа қағаздардағы сұрақтарға жауап беруге уақыт алады.
Сұрақтарды талқылау:
Қай түс ең көп кездесті? Егер барлық ММ тәттілерін біріктірсек, осы түсті алудың ықтималдығы қандай?
Қай түс ең аз кездесті? Бұл түстің пайда болу ықтималдығы қандай?
Егер мен бір тәттіні алып оны қайтадан орнына салмасам, онда бұл келесі тәттінің де сол түсті болып шығуының ықтималдығына қалай әсер етеді? Басқа түсті болып шығына ше? ( мысалы көк түсті тәтті алсам келесісінің де көк түсті болып шығуы )
Егер мен екі тәттіні (қызғылт сары және жасыл) алып оларды орнына қайтадан салмасам, онда бұл келесі түстің көк болып шығу ықтималдығына қалай әсер етеді?
Оқушыларға жазба материалдар:
Нәтижесін алдын ала біле алмайтын бір тәжірибе өткізілсін. Бұл тәжірибедегі A оқиғасын қанағаттандыратын нәтижелер санының барлық шыққан нәтижелер санына қатынасын A оқиғасының ықтималдығы деп атайды. [4]
Екі оқиғаның біреуінің пайда болу ықтималдығы екіншісінің пайда болу немесе пайда болмау ықтималдығын өзгертпесе, онда сол екі оқиғаны – тәуелсіз оқиғалар деп атайды. [4]
Екі оқиғаның біреуінің пайда болу ықтималдығы екіншісінің пайда болу немесе пайда болмау ықтималдығын өзгертсе, онда сол екі оқиғаны – тәуелді оқиғалар деп атайды. [4]
2-сабақ.
Оқыту мақсаты: Оқушылар берілген оқиғалардың алмастыру санын таба алады.
Материалдар: тапсырмалар жазылған таратпа қағаздар, дәнді дақылдар қорапшасы 12 тең бөлікке кесілген (әр топқа бір-бірден)
Ойын: Таңғы ас – оқушылар 60 секунд ішінде ұсақ бөліктерге бөлінген қораптың алдыңғы бөлігін жинайды. [3]
Оқушылар алдымен NBC веб-сайтында берілген нұсқаулық бейнесімен «Таңғы асқа арналған скрембл» ойынымен танысады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды: бірі таймермен және бірі 12 бөліктен тұратын дәнді дақыл қорапшасын жинайды. Әр оқушы ойынды ойнағаннан кейін, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Оқушылар дәптерлеріне келесі жазбаларды алып, содан кейін таратпа қағаздардағы тапсырмаларды орындайды. Оқушылар тапсырмаларды орындауға жұмсаған уақыттарын тақтаға жазады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Пазлдарды орналастырудың қанша әдісі бар деп ойлайсыз?
Кішірек өлшемдерінен бастайық, егер 4 өлшемді болса қанша әдіс болады?
Шаршы құрастыру үшін 4 бөлікті қанша рет алмастырасыз?
Егер 6 бөлік болса ше? 8 бөлік болса ше? Осыдан кейін кішірек сандармен факториалдарды түсіндіремін. Содан кейін үлкен сандармен, толық өлшемді пазлды қарастырамыз.
Кеңейту – Басқа пазлдың бірнеше бөліктері сіздікіне араласып кетті делік.Енді сізде 15 бөлік бар, бірақ пазлдың 3 қатардан және 4 бөліктен тұратынын білесіз. Пазлды қалай құрайсыз? Бір уақытта n объектілерді алмастырудың түсіндіреміз.
Оқушыларға жазба материалдар:
Орналастыру– кез келген A={a1, a2, … am} жиынынан ā=(aі1, aі2, …, aіn) элементтерін бөліп алып, белгілі бір ретпен тізбектеу. [5]
Алмастыру — белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру.
Факториал: (n белгісі) 1-ден n-ге дейінгі бүтін сандар көбейтіндісі! = n (n-1) (n-2) (n-3)…
 n объектілерін алмастыру формуласы: Pn = n!
Бір уақытта r қабылданған n нысандарды орналастыру, мұнда r≤ n: P rn= n!/ (n-r)![5]
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Using Games from the Television Game Show  “Minute to Win It”  to increase students interests, engagement and knowledge  in Probability and Statistics  by Abby Bateman
П.С.Геворкян; А.В.Потемкин; И.М. Эйсымонт: «Теория вероятностей и математическая статистика». Москва 2016
Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
M02E6B9

Казахстан, г. Караганда