Дата публикации: 13.10.2024
Тлеулиев Мухамедали Алмухаметович
ветеринария саласындағы еңбек жөніндегі білікті маман
Аннотация
Осы зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда ветеринария дәрігерінің бір күндік жүктеме нормасын әзірлеуде ұйымдардың пайдалануына ыңғайлы болатын, ветеринария дәрігерінің бір күндік жұмыс күні құрылымындағы Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігінде жұмыстың макро және микро элементтеріне жұмсалатын уақыт шығынын есептеудің прогрессивті әдісін табуға арналған ғылыми практикалық зерттеу болып табылады.
-
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1-қыркүйектегі «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 19-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі 3 наурыз 2022 жылы бекіткен «Ветеринария жүйесін реформалу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) » жол картасының 28 тармағында жауапты орындаушылары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқаруы органдар болып табылатын «Ветеринариялық дәрігерге арналған жүктеме нормативін бекіту» іс-шарасы жоспарланған.
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы» туралы 2-баптың 2 тармағында «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады» деп көрсетілген заң нормасына сәйкес, ветеринария саласының уәкілетті органы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринариялық дәрігерге арналған жүктеме нормативін әзірлеп бекітуге тиым салынған.
Кодекстің «Еңбекті нормалау» туралы 101-бабының 2 тармағында «Жұмыс беруші еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді» деп көрсетілген заң нормасына сәйкес, ветеринариялық дәрігерге арналған жүктеме нормативін әзірлеп бекіту құқығы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында практикалық жұмыс атқаратын, жұмыс беруші болып табылатын жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың – (бұдан әрі - Ұйым) құзреті болып табылатынын көрсетеді.
Кодекстің «Еңбекті нормалау» туралы 101-бабының 7 тармағында «Еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары әзірлейді және бекітеді, барлық қызмет салалары үшін еңбек жөнiндегi бірыңғай және (немесе) салааралық үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыскерлердің өкілдерімен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді» деп көрсетілген заң нормасы ветеринариялық дәрігерге арналған үлгілік жүктеме нормативін әзірлеп бекіту құқығы Жұмыс берушілердің ветеринария салалық қауымдастығының берілгенін растайды.
Қауымдастық әзірлеп, бекітетін ветеринариялық дәрігерге арналған үлгілік жүктеме нормативі Кодекстің 101-бабының 5 тармағының 3) тармақшасында «еңбек нормаларының ғылым мен техника жетістіктері негізіндегі прогрессивтілігі» және 5) тармақшадағы «еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге тиіс» деп көрсетілген заң талаптарына сәйкес болуы керек.
Үкіметтің Жол картасының 28-тармағына сәйкес, ветеринариялық дәрігерге арналған жүктеме нормативін әзірлеп бекіту құзретін өзіне заңсыз алып отырған ветеринария саласының уәкілетті органы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жұмыс берушілердің ветеринария салалық қауымдастығының құрылуын шектеу салдарынан қазіргі кезде Қазақстанда ветеринариялы қауымдастық құрылмаған.
Мұндай жағдайда, ветеринариялық Ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидасының (Қағида);
Қағиданың 3 тармағында «Ұйымдағы еңбек нормаларын жұмыс беруші салааралық және үлгілік еңбек нормалары жоқ жұмыстарға әзірлейді және бекітеді»
Қағиданың 6 тармағында «Ұйым тиісті құрылымдары болған кезде еңбек нормаларын өзі әзірлейді және (немесе) еңбек жөніндегі білікті мамандарды тартады не келесі талаптарға жауап беретін ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге тапсырысты орналастырады:
еңбекті нормалау жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыратын басшы мен жұмыскерлердің жоғары білімінің (экономикалық, инженерлік-экономикалық, техникалық) болуы;
басшы мен жұмыскерлердің кәсіптік білімдерін, білімін (диплом, сертификат), ғылыми және практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы, жұмыс орны, өнеркәсіптік тәжірибесі және осы саладағы еңбек өтілі туралы мәліметтердің және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да ақпараттың болуы» деп көрсетілген заң нормаларына сәйкес:
Қазақстандағы жергілікті атқарушы органдармен құрылған 202 мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда (аудандық ветеринариялық станцияларда) ветеринария дәрігерлерінің жүктеме нормасын әзірлейтін тиісті құрылымы мен ветеринария саласындағы еңбек жөніндегі білікті маманның жоқ болуына байланысты, жануарлардың жұқпалы аурулер мен энзоотиялық ауруына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге бөлінген бюджет қаржысының едәуір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге тапсырысты орналастыруға жұмсауға тура келеді.
Жұмыс беруші өзінің штат кестесінде тиісті құрылымын қалыптастырып, ветеринария дәрігерінің жүктеме нормасын өзі әзірлеуді мақсат еткен жағдайда:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымға (бұдан ірі - Әдістемелік ұсыным) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 ж. 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымда көрсетілген талапқа сәйкес «Жұмыс берушінің ұйымдағы ветеринариялық жүктеме нормасын әзірлеудің жұмыс әдістеме» әдістемесін әзірлеу қажетті іс-шара болып табылады.
Жұмыс берушінің еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу, бастапқы материалдарды талдау және жүйелеу, норма шамасына әсер ететін факторларды таңдауға әсер ететін және психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторларды ескерілген, нормативтік шамаларды математикалық өңдеу әдістері қолданған «Жұмыс берушінің ұйымдағы ветеринариялық жүктеме нормасын әзірлеудің жұмыс әдістеме» әдістемесін практикада қолдану Әдістемелік ұсынымның «Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтерді апробациялау (тексеру)» жөніндегі 13 бабына сәйкес апробациядан (тексеруден) өтеді.
Жұмыс берушінің ұйымдағы ветеринариялық жүктеме нормасын әзірлеп, бекітуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидасы сәйкес рәсімделінеді.
Бүгінгі күнде «Ұлттық аграрлық ғылыми беру орталығы» КеАҚ құрамына кіретін ЖОО-да жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында ветеринария дәрігерінің жүктеме нормасын әзірлеуге арналған, пайдалануға ыңғайлы болатын және еңбек нормаларын белгілеу кезінде ең төмен шығындарды қамтамасыз ететін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.
Автор Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ветеринариялық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мен автор арасындағы 25 шілде 2023 жылы жасалған № 11 келісім шарт бойынша, құрамдас туынды болып табылатын, объектіні жасаған күні 1-тамыз 2023 жыл деп танылған, Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 7 қараша 2023 жылы № 40243 Күәлік берілген «Бір ветеринариялық жұмыс тобының бір күндік жүктеме нормасы» атауындағы ұсыным мен апробациядан өткізу материалдары көрсеткіштерін ғылыми зерттеу жүргізу жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде пайдаланды.
Жұмыс әдістемесін апробациядан өткізу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымның «Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтерді апробациялау (тексеру)» жөніндегі 13 бабында көрсетілген талапқа сәйкес жүргізілді.
Жұмыс әдістемесін апробациядан өткізуге арналған хронометраждық бақылау жұмыстары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 ж. 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымға сәйкес, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ветеринариялық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Сайрам, Отырар, Төлеби, Түлкібас, Жетісай, Мақтарал, Ордабасы, Шардара аудандық, Арыс және Кентау қалалық филиалдарында 194 жұмыс күн хронометраждық бақылау жұмыстары жүргізілді.
-
Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіне кіретін макро/микроэлементтер
мен өзге әсер етуші факторлар
Ветеринария дәрігерінің бір күндік жұмыс күні құрылымының Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіне кіретін, уақыт шығынына әсер етуші макро/микроэлементтерге елді мекеннен тыс жерде орналасқан жұмыс объектісіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығынын қоспағанда, елді мекен ішіндегі жұмыс процесіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығыны, үйлерді аралау, мал егесін үйінен шақырып алу, түсіндіру, малды фикциялау, инъекция орнын тазалау және этил спиртімен дезинфекциялау, қан алу жұмысын жүргізу, тізбеге мал егесінің қолын қойдыру, жұмысты аяқтау және ескерілмеген жағдайлар кіреді.
-
Уақыт шығынына әсер ететін өзге факторлар
-
Прогрессивтік ғылыми жетістік - . ветеринария саласының уәкілетті органы әзірлеп, сынақтан өткізген ветеринария мамандарының жұмыста қолданылатын Ветлаб, АЖБ жүйелері біріктірілген планшетті пайдалану;
Техникалық фактор - ауылдық округтегі ветеринариялық пункттерге бекітілген автокөлігінің жеткіліксіздігі мен ескіруі байланысты ветеринария мамандарының өз көліктерін пайдалануы және оларға жанар май мен қосалқы бөлшекпен қамтамасыз етілмеуі; жоспарланған ветеринариялық іс-шараның цифрлік көрсеткіштерінің 2 маманға емес, әр маманға жеке дара әзірленуі;
Психофизиологиялық фактор - ветеринария мамандарының жас ерекшілігі, организнің функциалдық еңбек үрдісіне және ол іске асырылатын орта жағдайымен болатын өзгерістер; жұмысты орындау барысында мал иелері тарапынан болатын агрессиялық іс-әрекеттен туындаған стресс жағдайы;
Әлеуметтік фактор - әлеуметтік қолдаудың жоқтығы; тікелей ұйымда (жұмыс берушіде) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың жоқтығы;
Экономикалық фактор - еңбекақы мөлшерінің аз болуы және жергілікті жердегі өзгешеліктер салдарынан туындайтын өзге де факторлар кіретіні анықталды;
Ветеринария дәрігерлерінің елді мекеннен тыс жерде орналасқан жұмыс объектісіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығыны мен елді мекен ішіндегі жұмыс процесіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығынын есептеудің құқықтық негіздемесі ретінде Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңының 6-бабы 3 тармағының үшінші абзацында «басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі» деп көрсетілген заң нормасы пайдаланды:
Елді мекен ішінде орындалатын ветеринариялық іс-шаралар бойынша көше арасында жүру уақыт шығыны Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіне кіреді.
Елді мекеннен тыс жерде орындалатын ветеринариялық іс-шаралар бойынша жол жүру уақыт шығынын есептеу елді мекенде орналасқан ветеринариялық пункт ғимаратынан басталып (бұдан әрі – А-нүкте) ветеринариялық іс-шараларды орындау объектісі - мал табыны орналасқан жерге дейінгі аумақ нүктесіне (бұдан әрі – Б-нүкте) бару және қайту уақыты жеке есепке алынады және ветеринария дәрігерінің жылдық жұмыс жұмыс күнін есептеуде қолданылады.
4. Еңбекті ұйымдастыру
Кәсіпорын облыс деңгейіндегі орталықтандырылғын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/272 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормалары негізінде, төмендегідей заттай нормалардың ең төменгі санымен қамтамасыз етілген.
Кәсіпорынның 17 аудандық және қалалық филиалдары мен 186 ветеринариялық пункттеріде құрамында 2 (екі) адам: бір ветеринария дәрігері мен көмекші ветеринария фельдшері болатын 698 жұмыс тобы жоспарланған ветеринариялық іс-шараларды орындайды.
Жұмыс тобының жұмыс орны Ветеринариялық пункттің ғимараты
Жұмыс тобының белгіленген жұмысты орындау орындары:
- Елді мекен ішінде.
- Елді мекеннен тыс жерде.
Жүктеме нормасы белгіленіп отырған ветеринария дәрігерлері мен ветеринария фельдшерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына сәйкес әзірленіп, бекітілген ағымдағы жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бойынша;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары бойынша;
Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339
Заңның «Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар» туралы 11-баптың 4 тармағында
«Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады» деп көрсетілген заң нормасына және 35-баптың 2 тармағына сәйкес, ақылы қызмет түріне жататын бір ветеринариялық жұмыс тобы орындайтын жануарлардың жұқпалы емес бойынша;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен бекітілген Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізілетін энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар орындайды.
Жұмыс аяғында орындалған ветеринариялық іс-шараның рәсімделуі:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларының 4-1 және 15 тармақтарына сәйкес:
Ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп болғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы акт жасалады, оған жеке нөмірлері көрсетілген, вакциналанған, аллергиялық зерттелген, дауаланған жануарлардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор мәліметтеріне сәйкес тізімдемесі және
қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алып қолданылған қан сынамаларын алатын вакуумдық жүйеге және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қан алу актісі жасалады. Осы актіге осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша тізімдемесі ветеринариялық пункт меңгерішісі мен АЖБД жүргізуші маманға тапсырылады.
-
Хронометраждық бақылау жүргізу тәртібі.
Хронометражды бақылау жүргізу кезінде жалпы мал шаруашылығының, соның ішінде жеке қосалқы шаруашылықта мал өсірудің ерекшеліктері мен форс-мажорлық факторлар және мал егелерінің жауапкершілік факторлары басшылыққа алынды.
Хронометражды бақылау Жұмыс тобы жүктеме нормасын анықтауға арналғандықтан, хронометражды бақылау жұмысына қатысушы ретінде еңбек көрсеткіштері орташа ветеринария дәрігерлері мен ветеринария фельдшері іріктелініп алынды.
Хронометражды бақылау нәтижесі ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы және жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын орындайтын барлық ветеринария дәрігерлерінің жұмыс топтарының бір күндік жүктеме нормативі болып есептеледі.
Хронометражды бақылау жүргізген кезде тілі бар сағаттық аспаптар (сағат, бір-екі тілі бар секунд өлшегіштер), сол сияқты нормаланатын процестерді мазмұнын, құрылымын және орындау тәсілдерін автоматты түрде белгілейтін арнайы фото және видео аппаратура пайдаланылады.
Хронометражды бақылау жүргізу далалық жағдайда, зерттеудің нақты басталуы және аяқталуы уақыты нормаланбаған, аптаның дүйсенді-жұма күндері жүргізіледі.
Хронометражды бақылау процесі ұйым басшысының бұйрығымен белгіленген жауапты лауазымды тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.
Хронометражды бақылау нәтижесі бойынша материалдар екі данада ресімделеді, олар кітапшаланған, тігілген, нөмірленген болуға, атауы (мазмұны) бар, тиісті келісу, бекіту және ұзарту грифтері бар титулды парағын қамтуға тиіс. Материалдың әрбір парағына ұйым басшысының немесе басшының жетекші орынбасарының қолы қойылады.
Хронометражды бақылау нәтижесі бойынша материалдар мемлекеттік тілде, қажет етілгенде орыс тілінде әзірленеді.
Үздіксіз тәсіл кезінде өлшеу ағымдағы уақыт бойынша операция басталған сәттен бастап оның аяқталған сәтіне дейін барлық элементтермен жүзеге асырылады.
Ұйымның хронометрлік бақылау жүргізуші маманы ветеринариялық пункт меңгерушілері әзірлеген ветеринария дәрігерлерінің бақылау жүргізу (хронометрлеу) жұмысының жоспарына сәйкес:
1) хронометражды – бақылау картасына фиксаждық нүктелер бойынша бақылаушы уақытты белгілеу және минуттық өлшегіштің көрсеткіштерін бақылау парағына жазу.
2) орындалған операция жеке дара жазылады. Бір операцияның аяқталу уақыты мен екінші операцияның басталуы арасында үзіліс болмауы керек.
3) ветеринариялық іс-шараларды орындау уақытының ерекшеліктері, форс-мажорлық жағдайлар, жануарлардың иелерінің жауапкершілік факторлары бақылау парағына енгізіледі;
4) жануарлардың тұрған орны (үйде немесе табында);
5) жұмыс үрдістері фотоға, видеоге түсіріледі;
6) хронометражды–бақылау картасына (парағына) бақылаушы, орындаушы және қатысушы тұлғалар қол қояды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіруші шаруа қожалықтар, фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтар малды үйде, табында және жазғы жайлауда бағу әдістері ескерілуі керек.
Негізгі жедел уақытты есептеуге елді мекен ішінде және елді мекеннен тыс жерде жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар үшін бірдей талап қойылады.
Хронометражды – бақылау картасына (парағына) бақылау жүргізуші (хронометрелеші) маман, ветпункт меңгерушілері, бақылаушы, қатысушы ветеринария дәрігерлері мен жауапты бақылаушы тұлғалар қол қояды.
Хронометраж процесі - бақылауға дайындау, бақылау жүргізу (хронометрлеу), бақылау нәтижесін өңдеу және талдау кезеңдерінен тұрады.
-
Нормативтік бөлік
Ветеринариялық іс-шараларды орындайтын ветеринария дәрігерлері мен ветеринария фельдшерлерінің бір күндік жұмыс құрылымы (бұдан әрі – Жұмыс құрылымы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 желтоқсан 2008 жылғы № 310-п бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалаудың нормасы мен нормативтерін белгілеуге арналған методикалық ұсынымның (бұдан әрі – Методикалық ұсыным) «Орындаушының жұмыс уақыты шығындарын сыныптау» туралы 6.1. сәйкес және «Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшы құрамы мен филиал басшыларының 2023 жылғы 8 тамыздығы жиналысының хаттамасымен төмендегідей болып бекітілді:
№
|
Уақыт шығыны түрлері
|
Уақыт шығыны
|
|
минут
|
%
|
||
1
|
Дайындық-қорытынды уақыт- tпз
|
70
|
14,6
|
2
|
Демалуға және жеке қажеттіліктер уақыты- tотл
|
18
|
3,7
|
3
|
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты- tобс
|
20
|
4,2
|
4
|
Негізгі жедел уақыт- tоп
|
312
|
65
|
5
|
Қосымша жедел уақыт - tоп
|
60
|
12,5
|
|
Барлығы - t
|
480
|
100
|
-
Дайындық-қорытынды уақыт-tпз - тапсырылған жұмыс пен әрекетті орындауға дайындау үшін жұмсалатын оның аяқталуына байланысты уақытты айтамыз: Жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мал иелеріне алдын ала хабарлау, ветеринариялық есеп беру, жиналысқа қатысу және өзге шаралар.
-
Негізгі жедел уақыт-tоп - бұл тиісті біліктілігі бар, құрамында 2 (екі) маман болатын бір ветеринариялық жұмыс тобының уәкілетті орган бекіткен ветеринариялық іс-шаралар жоспарында көрсетілген вакцинациялау және диагностика жұмыстары мен жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу үшін нақты белгіленген жұмыс уақыты көлемі.
-
Қосымша жедел уақыт–tоп - Жануарлардың жұқпалы емес аурулары бойынша емдеу және профилактикасы, биоматериалдар алу, адамды жарақаттаған жануарларға 10 күндік клиникалық бақылау жүргізу, құтыру ауруына пат.материал алу, өлікті өлексе тастайтын шұңқырға жеткізу.
-
Демалуға және жеке қажеттіліктер уақыты- tотл - негізгі жедел уақыт бойынша уәкілетті орган бекіткен ветеринариялық іс-шаралар жоспарында көрсетілген вакцинациялау және диагностика жұмыстары мен жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу барысында ветеринариялық жұмыс тобының жеке гигиеналық мұқтаждықтары үшін белгіленген уақыт.
-
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты- tобс - ветеринария маманының өзінің жұмыс орнын күтуіне және оны жұмыс жағдайында сақтауға жұмсайтын уақыты.
Хронометраждық бақылау жұмыстарының нәтижелерін өңдеу
Хронометраждық бақылау жұмыстарының нәтижелерін өңдеп, есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 желтоқсан 2008 жылғы № 310-п бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалаудың нормасы мен нормативтерін белгілеуге арналған методикалық ұсынымның (бұдан әрі – Методикалық ұсыным) «Еңбек нормаларының құрамы» туралы 10 тармағында көрсетілген формулаға негіздеп, пайдалануға ыңғайланған бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт нормасын есептеудің ветеринариялық формуласы қолданылды:

Нм/м - бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт – минут.
Кх/к - хронометраж жүргізілген күндердің жалпы саны - күн.
Ж х/м - хронометраждық бақылауға алынған жануарлардың саны - бас.
Топ - негізгі жедел уақыт – 312 минут.
Хронометраждық бақылау парақтары көрсеткіштерінің жиынтық
РЕЕСТЕРІНІҢ
1 және 2 парақтарын өңдеу арқылы ветеринариялық іс-шаралардың жеке түрлері бойынша алынған бір манипулияны орындауға жұмсалған уақыт шығыны
№
|
Мал түрі
Ветеринариялық іс-шара атауы
|
Жүргізілген хронометраждық бақылау күндерінің
саны
|
Жұмсалған негізгі жедел уақыт
(Топ).
|
Іс-шара жүргізіл-
ген малдың саны.
|
Бір мани
пуля-
цияға жұмсал
ған уақыт
|
Кх/к
|
Топ -312 мин
|
Ж х/м
|
Нм/м
|
||
|
|
күн
|
минут
|
бас
|
минут
|
І
|
Диагностика
|
|
|
|
|
1
|
МІҚ қан алу (бруцеллез, аусыл)
|
15
|
4680
|
2153
|
2,17
|
2
|
Уақ мал қан алу (бруцелл, аусыл)
|
6
|
1872
|
1080
|
1,73
|
ІІ
|
Бірдейлендіру
|
|
|
|
|
1
|
МІҚ бірдейлендіру
|
5
|
1560
|
417
|
3.74
|
2
|
Уақ мал бірдейлендіру
|
2
|
624
|
499
|
1.25
|
ІІІ
|
Вакцинация
|
|
|
|
|
|
МІҚ мал
|
|
|
|
|
1
|
МІҚ құтыруға қарсы вакцинация
|
5
|
1560
|
470
|
3,32
|
2
|
МІҚ сібір жарасы вакцинациясы
|
11
|
3432
|
1955
|
1,76
|
3
|
МІҚ лептоспирозы вакцинациясы
|
16
|
4992
|
2822
|
1,77
|
4
|
МІҚ қарасаны вакцинациясы
|
10
|
3120
|
1658
|
1,88
|
5
|
МІҚ туберкуллез диагностикасы
|
3
|
936
|
401
|
2,33
|
6
|
МІҚ мал аусыл вакцинациясы
|
13
|
4056
|
2248
|
1,8
|
7
|
МІҚ пастереллезі вакцинациясы
|
2
|
624
|
239
|
2,61
|
8
|
МІҚ листериозы вакцинациясы
|
2
|
624
|
125
|
4,99
|
|
Уақ мал
|
|
|
|
|
1
|
Уақ малдың құтыруға қарсы екпесі
|
5
|
1560
|
547
|
2,85
|
2
|
Уақ малдың сібір жарасына екпесі
|
27
|
8424
|
8248
|
1.02
|
3
|
Уақ мал аусыл қарсы екпесі
|
1
|
312
|
239
|
1,31
|
4
|
Уақ малдың лептоспирозы екпесі
|
1
|
312
|
150
|
2,08
|
5
|
Уақ малдың листериозы екпесі
|
2
|
624
|
300
|
2,08
|
6
|
Уақ малдың обасы екпесі
|
2
|
624
|
650
|
0,96
|
7
|
Қойдың брадзоты(энтротоксемия)
|
18
|
5616
|
6278
|
0,89
|
8
|
Салмонеллез
|
2
|
624
|
536
|
1,16
|
|
Жылқы
|
|
|
|
|
1
|
Жылқының сібір жарасы
|
17
|
5304
|
1790
|
2,96
|
2
|
Жылқының маңқасы
|
6
|
1872
|
347
|
5,4
|
3
|
Жылқының маңқасы(щитка)
|
2
|
624
|
97
|
6,4
|
|
Түйе
|
|
|
|
|
1
|
Түйенің сібір жарасы
|
1
|
312
|
30
|
10,4
|
2
|
Түйенің обасы
|
2
|
624
|
100
|
6,24
|
|
Ит пен мысық
|
|
|
|
|
1
|
Құтыруға қарсы екпе
|
3
|
936
|
170
|
5,5
|
2
|
Етқоректілердің зхинококкозы
|
12
|
3744
|
3472
|
1,08
|
|
Құс вакцинация
|
2
|
624
|
690
|
0,9
|
|
|
194
|
-
|
-
|
-
|
Хронометраждық бақылау парақтары көрсеткіштерінің жиынтық
РЕЕСТЕРІНІҢ
1 және 2 парақтарын өңдеу арқылы ветеринариялық іс-шаралардың ірілендірілген топтары бойынша бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт шығыны
№
|
Ветеринариялық іс-шаралардың ірілендірілген топтары
|
Жануарлардың түрлері және құстың бір басына жұмсалатын уақыт
|
|||||
МІҚ мал
|
Уақ
мал
|
Жылқы
|
Түйе
|
шошқа
|
Құс
|
||
минут
|
минут
|
минут
|
минут
|
минут
|
мин
|
||
1
|
Қан алудың барлық түріне
|
2,17
|
1,73
|
анықталмады
|
анықталмаған
|
|
|
2
|
Вакцинациялаудың барлық түріне
|
2,6
|
1,54
|
2,96
|
10,4
|
0,9
|
|
3
|
Туберкулинизация
|
2,33
|
-
|
-
|
анықталмады
|
|
|
4
|
Маллейнизация
|
-
|
5,9
|
-
|
-
|
-
|
|
5
|
Бірдейлендіру
|
3.74
|
1.25
|
анықталмады
|
|
Құрамында 2(екі) маман болатын ветеринариялық бір жұмыс тобының ветеринариялық іс-шараның жекелеген элементтері бойынша бір күндік жүктеме нормасын есептеу формуласы.

Жт/н - құрамында екі маман болатын бір жұмыс тобының бір күндік жүктеме нормасы – манипуляция.
Нм/м - бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт – минут.
Топ - негізгі жедел уақыт – 312 минут.
№
|
Мал түрі
Ветеринариялық іс-шара атауы
|
негізгі жедел уақыт
|
бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт
|
құрамында екі маман болатын бір жұмыс тобының бір күндік жүктеме нормасы
|
Топ
|
Нм/м
|
Жт/н
|
||
минут
|
минут
|
манипуляция
|
||
І
|
Диагностика
|
|
|
|
1
|
МІҚ қан алу (бруцеллез, аусыл)
|
312
|
2,17
|
144
|
2
|
Уақ мал қан алу (бруцелл, аусыл)
|
312
|
1,73
|
180
|
ІІ
|
Бірдейлендіру
|
|
|
|
3
|
МІҚ бірдейлендіру
|
312
|
3.74
|
83
|
4
|
Уақ мал бірдейлендіру
|
312
|
1.25
|
250
|
ІІІ
|
Вакцинация
|
|
|
|
|
МІҚ мал
|
|
|
|
5
|
МІҚ құтыруға қарсы вакцинация
|
312
|
3,32
|
94
|
6
|
МІҚ сібір жарасы вакцинациясы
|
312
|
1,76
|
177
|
7
|
МІҚ лептоспирозы вакцинациясы
|
312
|
1,77
|
176
|
8
|
МІҚ қарасаны вакцинациясы
|
312
|
1,88
|
166
|
9
|
МІҚ туберкуллез диагностикасы
|
312
|
2,33
|
134
|
10
|
МІҚ мал аусыл вакцинациясы
|
312
|
1,8
|
173
|
11
|
МІҚ пастереллезі вакцинациясы
|
312
|
2,61
|
120
|
12
|
МІҚ листериозы вакцинациясы
|
312
|
4,99
|
63
|
|
Уақ мал
|
|
|
|
16
|
Уақ малдың құтыруға қарсы екпесі
|
312
|
2,85
|
109
|
17
|
Уақ малдың сібір жарасына екпесі
|
312
|
1.02
|
306
|
18
|
Уақ мал аусыл қарсы екпесі
|
312
|
1,31
|
238
|
19
|
Уақ малдың лептоспирозы екпесі
|
312
|
2,08
|
150
|
20
|
Уақ малдың листериозы екпесі
|
312
|
2,08
|
150
|
21
|
Уақ малдың обасы екпесі
|
312
|
0,96
|
325
|
22
|
Қойдың брадзоты(энтротоксемия)
|
312
|
0,89
|
350
|
23
|
Салмонеллез
|
312
|
1,16
|
269
|
|
Жылқы
|
|
|
|
24
|
Жылқының сібір жарасы
|
312
|
2,96
|
105
|
25
|
Жылқының маңқасы
|
312
|
5,4
|
58
|
26
|
Жылқының маңқасы(щитка)
|
312
|
6,4
|
49
|
|
Түйе
|
|
|
|
28
|
Түйенің сібір жарасы
|
312
|
10,4
|
30
|
29
|
Түйенің обасы
|
312
|
6,24
|
50
|
|
Ит пен мысық
|
|
|
|
30
|
Құтыруға қарсы екпе
|
312
|
5,5
|
57
|
31
|
Етқоректілердің зхинококкозы
|
312
|
1,08
|
289
|
|
Құс вакцинация
|
|
|
|
32
|
Құс вакцинациясы
|
312
|
0,9
|
347
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
|
4642
|
Құрамында 2(екі) маман болатын ветеринариялық бір жұмыс тобының ветеринариялық іс-шараның жекелеген элементтерінің қосындысын жекелеген элементтер санына бөлу арқылы бір күндік орташа жүктеме нормасын есептеу формуласы.

Жо/н - жұмыс тобының орташа бір күндік жүктемесінің саны
Жт/н - жекеленген элементтердің жалпы саны
Ос - хронометраждық бақылау жүргізілген ветеринариялық іс-шараның жекеленген элементтерінің саны
Қортынды
Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ветеринариялық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Сайрам, Отырар, Төлеби, Түлкібас, Жетісай, Мақтарал, Ордабасы, Шардара аудандық, Арыс және Кентау қалалық филиалдарында 194 жұмыс күн жүргізілген хронометраждық бақылау жұмыстарының хронометраждық бақылау парағындағы Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіне жұмыс уақытына әсер етуші (елді мекеннен тыс жерде орналасқан жұмыс объектісіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығынын қоспағанда, елді мекен ішіндегі жұмыс процесіне ветеринариялық пункттен (өз үйінен) жұмыс объектісіне жету жол шығыны, үйлерді аралау, мал егесін үйінен шақырып алу, түсіндіру, малды фикциялау, инъекция орнын тазалау және этил спиртімен дезинфекциялау, қан алу жұмысын жүргізу, тізбеге мал егесінің қолын қойдыру, жұмысты аяқтау кіреді) факторларға жұмсалатын уақыт шығынының басталу уақыты мен аяқталу уақытын жеке дара фикциялаудың қажетсіз екенін көрсетті.
Жұқпалы аурулар мен энзоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспарлы жұмыс болғандықтан, ветеринария дәрігерінің бір жұмыс күні құрылымының Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіндегі уақыт шығынына техниикалық, ұйымдық, психофизиологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың шамалы кері әсер тигізетіні анықталды.
Құрамында екі маман болатын ветеринария тобының бір жұмыс күні құрылымының Негізгі жедел уақыт-tоп бөлігіндегі уақыт шығынының басталу уақыты мен аяқталу уақыты ішіне әсер етуші барлық факторларды енгізу ветеринариялық топтың бір күндік жүктеме нормасы мен жекелеген ветеринариялық іс-шаралардың бір манипуляциясына жұмсалатын уақыт шығынын нақты анықтауға болатынын көрсетті.
Ғылыми практикалық зерттеу нәтижесінде алынған, құрамында ветеринария дәрігері мен ветеринария фельдшері болатын бір ветеринариялық топтың бір күндік жұмыс уақытының құрылымы:
№
|
Уақыт шығыны түрлері
|
Уақыт шығыны
|
|
минут
|
%
|
||
1
|
Дайындық-қорытынды уақыт- tпз
|
70
|
14,6
|
2
|
Демалуға және жеке қажеттіліктер уақыты- tотл
|
18
|
3,7
|
3
|
Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты- tобс
|
20
|
4,2
|
4
|
Негізгі жедел уақыт- tоп
|
312
|
65
|
5
|
Қосымша жедел уақыт - tоп
|
60
|
12,5
|
|
Барлығы - t
|
480
|
100
|
Құрамында екі маман болатын ветеринария тобының бір күндік жүктеме нормасын есептеуде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22 желтоқсан 2008 жылғы № 310-п бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалаудың нормасы мен нормативтерін белгілеуге арналған методикалық ұсынымның «Еңбек нормаларының құрамы» туралы 10 тармағында көрсетілген формулаға негізделген ветеринариялық формулаларды практикада қолдану ұсынылады:
Бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт нормасын есептеудің ветеринариялық формуласы қолданылды:

Нм/м - бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт – минут.
Кх/к - хронометраж жүргізілген күндердің жалпы саны - күн.
Ж х/м - хронометраждық бақылауға алынған жануарлардың саны - бас.
Топ - негізгі жедел уақыт – 312 минут.
Құрамында 2(екі) маман болатын ветеринариялық бір жұмыс тобының ветеринариялық іс-шараның жекелеген элементтері бойынша бір күндік жүктеме нормасын есептеу формуласы.

Жт/н - құрамында екі маман болатын бір жұмыс тобының бір күндік жүктеме нормасы – манипуляция.
Нм/м - бір манипуляцияны орындауға жұмсалған уақыт – минут.
Топ - негізгі жедел уақыт – 312 минут.
Құрамында 2(екі) маман болатын ветеринариялық бір жұмыс тобының ветеринариялық іс-шараның жекелеген элементтерінің қосындысын жекелеген элементтер санына бөлу арқылы бір күндік орташа жүктеме нормасын есептеу формуласы.

Жо/н - жұмыс тобының орташа бір күндік жүктемесінің саны
Жт/н - жекеленген элементтердің жалпы саны
Ос - хронометраждық бақылау жүргізілген ветеринариялық іс-шараның жекеленген элементтерінің саны
Қолданылған әдебиеттер
1. Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі .№339 Заңы;
2. Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 Заңы;
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары;
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары;
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидалары;
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен бекітілген Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидасы;
9. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсыным;
10. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2010 ж. 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыным;
11. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 23 қаңтар 2023 жылы № 31944 Күәлік берілген «Бір ветеринариялық бригаданың жүктеме нормасын есептеу»
12. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 7 қараша 2023 жылы № 40243 Күәлік берілген «Бір ветеринариялық жұмыс тобының бір күндік жүктеме нормасы»