Звоните на номер:

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ

Розиева Дильфуза Сельмахунқызы PhD,
Алматы, Қазақстан
Серғалиева  Айдана Асқарқызы
Шетел филологиясы факультеті
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Алматы, Қазақстан
 
Аннотация. В данной статье рассматривается национально-нравстенные ценности детской поэзии на основе казахской и английской литературы.
Ключевые слова: детская поэзия, традиции, поколение, нравстенность, стихи, ценности.
Annotation. This article examines the national and moral values of children's poetry based on Kazakh and English literature.
Keywords: children's poetry, traditions, generation, morality, poems, values.
 
 
     Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. [1,120]
       Бұл мақалада біз қазақ және ағылшын тілдеріндегі балалар поэзиясының ұлттық – адамгершілік құндылықтары мәселесін қарастырып, екі мәдениеттің ерекшелігін айқындайтын боламыз.
       Бала бойында эстетикалық талғамды қалыптастыру дегеніміздің өзі - түрлі жағдайларда шығармашылық әрекет жасауға қабілетті, жан - жақты жетілген жеке тұлғаның қалыптасуына қызмет ету деген сөз. Бұл орайда балалар поэзиясының көркемдік мүмкіндігі аса мол. Солардың бірі - баланы асқақ армандарға жетелейтін, қаһармандық істер жасауға құлшындыратын, сұлулық пен жарасымдылыққа ұмтылдыратын, сондай - ақ, келеңсіз құбылыстар мен ұнамсыз мінездерден бой тартуға баулитын көркем бейнелер жасау. Балалар поэзиясындағы әрбір көркем бейне жас оқырманды бей-жай қалдырмауға тиіс. Жан-жақты тұлғаланған әдеби қаһарманнан бастап, тілдік қолданыстың ең кіші бөлшегіне дейін баланың эстетикалық сезімдеріне әсер етуі қажет.Яғни, балалар поэзиясындағы әрбір әдеби қаһарман жан дүниесі таза, сезімі шынайы жас оқырманды өзінің шыншылдығымен иландыруы шарт болса, тілдік қолданыстағы әрбір бөлшек мейлінше бейнелілігімен, суреттілігімен даралануы шарт. Бұл, әрине, аса қиын да күрделі шығармашылық міндет, көркемдік проблемасы. Белгілі ақын С. Жиенбаевтың: «Бесік жырынан» басталатын балғындар өлеңінің, әйтеуір, бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән - өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабары жоқ, бесікте жатқан сәбиді өз ырқына көндіріп, өз дегенін істететін - өлеңнен артық керемет бола ма?! Ал ондай өлең оп-оңай шыға қоя ма?» [2,31] - деп таңырқауының сыры да осында болса керек. Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағдар ұстанатын балалар поэзиясындағы көркемдік мәселесі әр кезде бірдей үлкендер әдебиетіндегі көркемдік проблемасымен теңес тіре қарауға келе бермейді, сол себепті бұл мәселені қайсыбір тұстарда балалар поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінен өріс тете танып - білген орынды болмақ. Алайда, балалар поэзиясын да өзіне ғана тән ерекшеліктер болады дегенде, ол ерекшелік тер балаларға арналған туындылардағы көркемдік мәселесін әдебиеттің өзге салаларына қойылатын көркемдік талаптары нан мүлдем бөлек, сезімен - өзі шектелген мәселе ретінде қарас тыруға жол ашпайды. Керісінше, мәселені сөз өнеріндегі барша тектер мен түрлерге, жанрларға ортақ көркемдік талаптарынан өрбіте отырып, балалар поэзиясына тән көркемдіктің өзіндік белгілері мен себептерін тарқата танып - білу қажеттігін аңғартады. Яғни, өнер түрлерінің баршасына ортақ көркемдік талаптарына балалар поэзиясында да жауап берілуге тиісті. Себебі балалар поэзиясы - көркем өнердің, оның ішінде көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі. Көркемдіктің өмір сүру ортасы болып табылатын өнер жайында айтқан В.Г.Белинский пікіріне көңіл қойсақ, ол өнер мен оның түрлері, міндеті туралы ойын: «...искусство есть выражение великой идеи вселенной в ее бесконечно разнообразных явлениях! Прекрасно было где - то сказано, что повесть есть краткий эпизод из бесконечной поэмы судеб человеческих! Под это определение повести подходят все роды художественных созданий. Все искусство поэта должно состоять в том, чтобы направить читателя на такую точку зрения, с которой ему видна была вся природа в сокращении, в миниатюре, как земной шар на ландкарте, чтобы дать ему почувствовать веяние, дыхание этой жизни, которая одушевляет вселенную, сообщить его душе этот огонь, который согревает ее» [3,32] - деп жеткізеді. Орыс сыншысының «адам тағдырынан алынған сарқылмас дастанның шағын эпизоды - повесть» хақында айтқан пікірін өзіміз қарастырып отырған мәселеге қатысты алар болсақ, балаларға арналған әрбір туындыда
«жаратылысқа жан біту» қажеттігін, «оқырман өмірдің лебін, тыныс - демін сезінуі» қажеттігін көреміз, қысқасы, әрбір туындыда өзінше бір жаңа әлем - көркемдік әлемі жасалуы қажеттігін танимыз. Балалар поэзиясындағы көркемдік әлем – көркемдік - эстетикалық талаптар тұрғысынан игерілген және баланың таным аясы мен білім деңгейіне сәйкестендіріле шығармашылықпен өңделіп, жаңаша бейне иеленген баланың өзі, оның жан-дүниесіндегі сан қилы құбылыстар, санасы мен сезіміндегі түрлі өзгерістер, оның идеалы, арман - мұраты, бала жанарына іліккен әлеуметтік өмір мен қоршаған табиғаттың алуан қырлары. Ол әлемнің тіршілік ортасы - өзара біріге келіп, біртұтас балалар поэзиясын кұрайтын жеке - жеке шығармалар.
         Балалар поэзиясының көркемдік - эстетикалық ерекшеліктері Өткен ғасыр басында жазған мақалаларының бірінде Ә.Бөкейханов ұлттық поэзияның ерекшелігіне байланысты ойын: «Жақсы, көркем жырда сол уақыттағы қазақтың болмыс - салты көрініп тұруға лайық» [4,302] - деп білдірген болатын. Пікір мәні қандай да бір халықтың көркем әдебиеті үшін бірінші кезектегі мәселе ұлттық сипат болып табылатындығын аңғартады. Бұл талап бүгінгі балалар әдебиетінде өз арнасын тауып, өрістей дамып келе жатқан балалар поэзиясына да қатысты. Өйткені қазақ балалар поэзиясы да – халықтың рухани мәдениетінен тамыр тартып жатқан көркемдік құбылыс. Бұл орайда М. Қаратаев пікіріндегі ой мазмұнына жүгінсек, ол: «Әдебиет деп аталатын сөз өнерін шартты түрде бейне бір дарияға баласақ, оған сылдырап ағын бұлақ суы да құяды, сел боп ағып қар суы мен жаңбыр суы да құяды. Ақыры, дарияның ұлы арнасы теңізге құйып, жер байлығын, жер салтанатын құрады. Жерден шыққан су да, бу да, әлем дүниесінде қаншама түрін, түсін өзгерткенмен, қайта айналып жер - анасын табады. Халықтың, тілі мен әдебиеті де сол іспетті. Құнарлы нәрін халықтан алады да, қаншама түрін, түсін өзгерткенмен, қайта өзінің тегін табады, халық қазынасын жасайды»
[5,139] - дейді. Демек, ұлттық балалар поэзиясы да көркемдік нәрін халық мәдениетінен ала отырып дамиды, жетіледі, толысады, кемел дікке бет түзейді.Сыртқы дүниесінде уақыт дамуына байланысты өзгерістер болғанымен, түптеп келгенде, туған ортасынан, бастау көзінен қол үзіп кетпейді.Өйткені балалар поэзиясы да, ең алдымен, ұлттық мәдениет перзенті.
Балаларға арналған әрбір туындыда жасалған үлкенді - кішілі көркемдік әлем баланың жанына жақын, ұғым - түсінігіне лайық, әсерлендіру қуаты мол болған жағдайда ғана, бала көңілінде жатталып қалады, балалық қиялын қанаттандыра алады. Басқаша айтқанда, балаларға арналған поэзиялық туынды өз оқырманының көңіліндегісін қапысыз тауып, дәл жеткізуі шарт.
Ол үшін балалар поэзиясында жасалатын көркемдік әлем баланың өз болмысынан бастау алуы, бала түсінігіне лайық болуы қажет. Ойымыз түсінікті болсын, Ә.Дүйсенбиевтің танымал өлеңдерінің біріне назар аударып байқалық :
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты уилін баланың,
Аман - сау бол , ақ мамам.
Кулімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген.
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен.[6,24]
      Бұл өлең - жарық көрген сәтінен бастап, бірнеше буын өкілдерінің жаттап өскен өлеңі, шындығында, бала жадында өзінен өзі жатталып қалатын өлең. Себеп неде? Себеп - өлеңде бейнеленген көркемдік шындықтың баланың өз болмысынан бастау алып жатқандығында. Байқалып тұрғандай, өлең тақырыбында да, поэзиялық маз мұнды құрап тұрған көркемдік шындықтан да, ақынның тілдік қолданысында да тосын жаңалық жоқ. Тақырып - анаға деген бала махаббаты. Көркемдік шындық – баланың өз анасына деген алғаусыз сезімінің суреті.
       Балаларға арналған кез келген туындыда ескерілуге тиісті ең маңызды да ардақты міндет жас оқырманды өз ана тілінің қадір - қасиетіне жете білуге тәрбиелеу болып табылары даусыз шындық. Бұл талап, әсіресе, қазақ тіліне қатысты проблемалар аса ауқымды болып тұрған қазіргі таңда айрықша маңызды. Аталмыш өлеңге бірінші кезекте осы тұрғыдан назар салар бол сақ, бұл орайда «Сылдырмақтың» өтеп тұрған парызы зор. Бала бойында өзінің ана тіліне сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру ана тілі туралы, ана тілін сүю қажеттігі туралы өлеңдерді көптеп жазып, соларды талмай жаттату арқылы іске асады деп қана түсіну жаңсақтыққа ұрындырмақ. Әрине, бұл мәселеде ана тіліне арналған әсерлі туындылардың маңызды рөл атқаратыны даусыз. Алайда балаларға арналған поэзияның бұл орайдағы мүмкіндігі де, міндеті де аса мол екендігін есте тұтқан абзал. Сондай мүмкіндіктердің бірі тілдік қолданыста әуезділік (А.Байтұрсынов) пен баланың жас ерекшелігіне лайықты сөз мағыналылығын құнттау болып табылады.
        Балалар поэзиясында сөз қолдану барысында көзделетін басты мақсат шығармадағы әсерлі көркемдікке қол жеткізу, шынайы бейне жасау болып табылатыны даусыз. Аталған мақсатқа жету үшін балаларға арналған поэзиялық шығармаларда тура мағыналы сөздермен қатар, орайлы сәттерде түрлі үлгідегі ауыспалы мағыналы сөздер де, бейнелі мағыналы сөздер де пайдаланылады. Түрлі мағынада орынды қолданылған сөздер балаға ана тілінің қуатты мүмкіндігін сезінуге әсер етіп, ана тіліне деген құрметін, сүйіспеншілігін арттырады. Өз ойын, сезімі мен әсерін, танығаны мен білгенін еркін де, мағыналы әрі әсерлі жеткізуге бейімделеді. Бұл – бала бойында адамға ғана тән қасиеттерді дамытуға септесу деген сөз. Осы орайда Ө.Тұрманжановтың «Пеш ішінде күн жатыр» деген өлеңіне зер салып байқар болсақ, тілді бейнелі қолданудың сәтті үлгілерін көрер едік:
Далада - қыс, уйде - жаз,
Пеш ішінде күн жатыр.
Отпен ойнап бала мәз.
Тыста тентек қыс батыр.
 
Тісін қайрап, тістеніп,
Долданады ысқырып,
Кетпесін деп ішке еніп
Ақ найзалы үскірік.
 
Ана есігін қымтайды,
Тиегін тартып бекітіп.
Шоғын шағып ұнтайды
Сексеуілдің екі тұп... [6.28]
        Шындыққа жүгінер болсақ, қазіргі таңда дәл осы өлеңді ауылда өсіп келе жатқан бала болмаса, бүгінгі қала баласының бірден түсініп, қабылдай қоюы қиын болар. Оның себебі өлеңнің әлсіздігінде емес, бүгінгі қала баласына өлеңде бейнеленген суреттің көзтаныс болмауында жатыр.
Шындығында да, ұлттық балалар поэзиясы - әдеби - көркемдік дәстүрі ежелгі жәдігерлер мен халықтық әдеби мұралардан енші алып, балалар дүниесіне арнайы бет түзеген кезеңінен бергі аралықта тақырыптық - идеялық жағынан да, жаратылыс сырын көркемдік-шығармашылық тұрғыдан игеру және танып-білгенін бала болмысына лайықтай ұсыну жағынан да, тәрбиелік тағылымдық қуаты жағынан да кемелденіп келе жатқан, толассыз ізденіс үстіндегі әдебиет саласы.
          Ал, ағылшындықтар үшін поэзия - тілді грамматикалық және танымдық жағынан дамытудың жақсы тәсілі. Поэзия сезім білдіру, моральдық және әлеуметтік мәселелер туралы ой қозғауға көмектесетін сөздер жиынтығы. Поэзия прозадан және басқа әдеби жанрлардан ерекшеленеді себебі, ол сезім мен жағдайды нақты түсіндірместен білдіре алады. Поэзия өмір, қоғам және құндылықтар туралы айтудың жақсы құралы болып табылады. Тарих профессоры Бу Андерссон поэзияның өзі құндылықтары туралы: “Поэзия әрдайым ақын мен оқырман арасындағы диалог ретінде оқылуы керек, өлеңде құндылықтар мен алғышарттар талқыланады. Сонымен қатар поэзия құндылықтарды үйретудің тамаша тәсілі”- деп ой түйіндейді. Осыған орай, Андерсон бірнеше себептер келтіреді. Біріншіден, поэзия оқырманына басқа контекстерді және басқа адамдардың өмірін түсінуге көмектеседі.Екіншіден, поэзия эмоционалды өмірге есік ашады, сондықтан оқырманына қорқынышын жеңуге көмектеседі. Үшіншіден, поэзия оқырманына қиын жағдайларды жеңуге және өз өмірлері мен өмір тарихын сөзбен жеткізуге көмектеседі.
         Кейбір балалар әдебиетті  терапиялық құндылығы үшін сүйсіне оқиды. “The Loner” Эстер Уайердің оқиғасын оқыған бала мигранттардың лагерлерін жалғыз аралап жүрген аты-жөні жоқ балаға жанашырлық танытады, сол сияқты “Drop-Dead” даулы кітабында жалғызбасты бала және оның қауіпсіздік пен конформизмнің мағынасы туралы ішкі шатасуы бейнеленген.
        Адамның сұлулыққа деген жақындығының түрі жапон хайку сияқты шығыс өлеңдерінде көрінеді. Ричард Льюис Бұл сұлулық философиясына керемет үлес қосты,оның “The Moment of Wonder” Қытай және Жапон шеберлерінің суреттерімен бейнеленіп, сол елдердің поэзия жинағымен құрастырылған. Льюис сонымен қатар Хелен Батфилдтің керемет фотосуреттері бар үш кітап шығарды. Солардың бірі - “Of This World” жапон ақыны Иссаның өмірі мен поэзиясын бейнелейтін ақынның өмірі жайында. Қалған екі кітап – “TheWind and the Rain” and ‘The Park . Осы жинақтардың әрқайсысындағы өлеңдер табиғаттың тыныш сұлулығына бағытталған.
The Wind and The Rain :
Like the wind, I run.
Like the rain, I sing.
Like the leaves, I dance.
Like the earth, I am still.[7,28]

        Ағылшын балалар әдебиетінің келесі құндылығы-бұл сөздердің ғажайып күші. “Alice in Wonderland” “Through the Looking Glass” шығармалары және "Jabberwocky" өлеңі өзінің ерекше  "brillig", "slithytoves" and "frumius Bandersnatch"  секілді автордың жаңа сөздеріне түсінік береді. Джеймс Тербер “The Wonderful”- де әлемнің сатиралық қиялын ұсынады. Бұл кітапта Виктория таңқаларлық жерлерде жоғалған жиырма алты әріпті іздеуде көптеген оқиғаларды бастан кешіреді.
Jabberwocky:
…Beware the Jabberwock, my son!
The jaws that bite, the claws that catch!
Beware the Jubjub bird, and shun
The frumious Bandersnatch!”…[7,36]
       Әдебиеттің өнерді бағалауға қосқан үлесі де ағылышндықтар үшін құндылыққа айналған. Соңғы жылдары өнер, опера, әйгілі суретшілер, балет әртістерін бағалап түрлі-түрлі кітаптар жазылған. Оқушылар бұл кітаптарды оқып, олардың мәдени дамуына ықпал ететін әдемі иллюстрацияларды көре алады. Ламонт Мурдың “The First Book of Paintings” туындысы сызық, пішін, кеңістік, жарық, өрнек, тепе-теңдік, ырғақ, контраст және бірлік сияқты аспектілер арқылы өнерді бағалауды ұсынады. Бұл беттерде отыз бір суретшінің көркемдік стилі бейнеленген. Кеннет Кларктың “Looking at pictures” шығармасы да Титиан, Рембрандт, Боттичелли және Гойя сияқты суретшілерді біріктірген.[8,14]
     Тағы бір ағылшын әдебиетінің ерекше құндылығы-бұл балалық шаққа беретін батырлық образ. Балалар ортағасырлық аңыздарды оқи отырып, ішкі ерлік қиялдарын арттырады. Дженнифер Вествуд “Medieval Tales” атты ортағасырлық ертегілерді аударып, бейімдеген авторлардың бірі. Бұл кітапта студенттер “Chanticleer” және “Sir Gawain and the Green Knight” сияқты сүйікті кейіпкерлерін кезлестіре алады. Сондай-ақ “Aucessin and Nicolette" және "The Story of Roland" сияқты ертегілерді оқи алады. [9,85]
Sir Gawain and the Green Knight:
…Therefore with fearless face
he stands straight and tall;
full lively at that New Year
much mirth he makes with all…
      Бүгінгі балалар поэзиясы генеалогиялық жағынан құнарлы топырақтан тамыр тартқан, типологиялық өрісі әлемдік кеңістікке құлаш ұрған, көркемдік-шығармашылық тәжірибесі толысқан, педагогикалық тәрбиелеушілік мүмкіндігі жан-жақты ашылып үлгерген, кемелдікке бет түзеген әдебиет саласы болып табылары хақ. Себебі тақырыптық жағынан еркін кеңістікке шығып үлгерген қазіргі қазақ балалар поэзиясы - өз оқырманын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде гуманистік арнада жан-жақты жетілген тұлға етіп тәрбиелеуге бағдар ұстанған, бұл мақсаттағы шығармашылық әлеуеті де, ізденіс арнасы да молайған поэзия.
      Салт-дәстүрге берік қазақ тәрбиесінде адамды жақсылыққа итермелейтін рухани күштердің арасында намыс маңызды рөл жасайды. Намыс адамдық менді қайрай түседі. Атап айтсақ, жігіттік намыс болады, туған жерге, дінге, руға, отбасына, істеген қызметіне, ұлт пен ұлысына байланысты намысшыл бола аламыз. Бұл әдеп үлгілерінің абыз, ақын, жыраулардың шығармаларына арқау болуының бірден-бір себебі. Қыртпа өлеңінде жамандықты тыйылу басты тақырып ретінде қаралады. Ал,ағылшын балалар әдебиетінің қазақ әдебиетінен ерекшелігі еркіндігінде, балаларға беретін таңдауында.Яғни, олардың ойынша бала өзіне керектінің бәрін жыйып өз мінезі мен ойын қалыптастыруы қажет.
Қазақ әдебиетінің  ағылшын балалар әдебиетімен жүйелі, ретті байланыстары бар. Ол байланыстардың ең өнімді формасы типологиялық байланыстар. Себебі біз қарастырған балалар әдебиетінде тақырыптық, идеялық, проблематикалық, жанрлық ұқсастықтар көп. [10, 135]
      Осыған орай, ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатырған тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдениеттің болғанын бабалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болады. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық. Сондықтан да ұлттық құндылығымызды жаңғыртқан кезде ғана біз мәдениетімізді жаңғырта тірілте аламыз.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
  1. Қарабаев С. Қазақ балалар поэзиясы// Родолодил көне әдебиет. Екі томдық. Т.Алматы, 1977.
  2. Белинский В.Г. Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу // Р.Нұрғали. Әдебиет теориясы. – Астана, 2003.
  3. Зарубежная детская литература/ Сост .И.С. Чернявская Москва, 1982.
  4. Детская литература. Хрестоматия / Сост. Я.А.Чернила скал, Г.В. Регушевская.-Москва, 1980.
  5. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. - Алматы, 1965. 74.
  6. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – Алматы, 1974.
  7. Galda L., Cullman B.E. Literature and the Child. Orlando, FL: Harcourt Brace. 2004. Lukens R.J. A Critical Handbook of Children's Literature. NY: Oxford University Press.2002.
8.  Nesbit Elizabeth A New Impulse in Romance // A Critical History of Children's literature. NY: Macmillan, 1969.
9. Russell D.L. Literature for Children. White Plains, NY: Longman. 1994. Slaughter J.P. Beyond . Storybooks: Young Children and the Shared Book Experience. Newark, DE: International Reading Association. 1993.

 

 

Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
M02E6B9

Казахстан, г. Караганда