Звоните на номер:

ШЕКСПИР ПЬЕСАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ("ГАМЛЕТ" ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Калиева Таншолпан Руслановна
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
 
АҢДАТПА
Мақалада қазіргі аударма мен театрдың өзекті мәселелерінің бірі: Шекспир аудармаларының сахналық көрінісі, қойылым аудармасы қарастырылады. Шексир пьесаларын аудару-бір тілден екінші тілге аударудың ең қиын түрі, өйткені аудармашы керек жеткізу автордың барлық ойлары мен эмоцияларын жеткізу. Ағылшын тіліндегі қысқа сөздерді конверсиялау және олардың көп болуы өлеңдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың қиындығын тудырды. Мақалада Шекспирдің М.Дәулетбаев, Х. Ерғалиев жасаған қазақ тіліне аудармалары қарастырылады. Аудармалардың көрнекі және экспрессивті құралдары талданады және түпнұсқа мағынасын сақтау және мазмұнын беру тұрғысынан түпнұсқаға ең жақын аударма нұсқасы анықталады. Барлық нұсқалардың сөйлеу сипаты драманың эмоционалды көрінісін күшейтуге мүмкіндік берді.
 
Түйін сөздер: драма, драма аудармасы, Шекспир, сахналық көрініс, Гамлет пьесасы
 
СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ ПЕРЕВОДА ПЬЕС ШЕКСПИРА (НА ОСНОВЕ ПЕРЕВОДОВ ТРАГЕДИИ" ГАМЛЕТ " НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ)
 
АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается одна из актуальных проблем современного перевода и театра: сценическое воплощение шекспировских переводов, сценичный перевод. Перевод пьес Шекспира -самая сложная форма перевода с одного языка на другой, так как переводчик должен передать все мысли и эмоции автора. Конверсия коротких слов в английском языке и их большое количество привели к затруднению перевода с английского на казахский язык. В статье рассматриваются переводы Шекспира на казахский язык, сделанные М. Даулетбаевым, Х.Ерғалиевым. Анализируются наглядные и выразительные средства переводов и определяется наиболее близкий к оригиналу вариант перевода с точки зрения сохранения первоначального смысла и передачи содержания. Речевой характер всех вариантов позволил усилить эмоциональную картину драмы.
 
Ключевые слова: драма, перевод драмы, Шекспир, сценичность драмы, пьеса Гамлет
 
COMPARATIVE ANALYSIS OF TRANSLATIONS OF SHAKESPEARE'S PLAYS (BASED ON TRANSLATIONS OF THE TRAGEDY"HAMLET" IN KAZAKH)
ABSTRACT
 
The article deals with one of the most pressing problems of modern translation and theater: the stage embodiment of Shakespearean translations, performance translation. Translation of Shakespeare's plays is the most difficult form of translation from one language to another, since the translator must convey all the thoughts and emotions of the author. The conversion of short words in English and their large number led to difficulties in translating poems from English into Kazakh. The article deals with the translations of Shakespeare into the Kazakh language made by M. Dauletbayev and H. Yergaliyev. Visual and expressive means of translation are analyzed and the translation version closest to the original is determined from the point of view of preserving the original meaning and transmitting the content. The verbal nature of all the options allowed us to strengthen the emotional picture of the drama.
 
Keywords: drama, translation of drama, Shakespeare, stage drama, Hamlet play
 
Драма аудармасының ерекшеліктері туралы мәселеге назар аз аударылғаны күмәнсіз. Ұзақ уақыт бойы талқыға алынбағанымен, драмалық шығармалардың сахналық көрінісінің ерекшеліктері де күмәнсіз, өз ерекшелігін көрсетеді, бір жағынан олар өлеңмен де прозамен де жазылған болғаны, ал екінші жағынан – өлеңмен прозада да драмалық әрекет элементтері болуы мүмкіндігі. Бұл мәселе XX ғасырдың екінші жартысында өмірдің әр түрлі салаларындағы аударма қызметінің тез өсуінің аясында айқын көрініс тапты.
Драмалық аударма- тек көркем шығарманың түрі емес, бұл сахналық көрініске бағытталған мәтін аудармасы. Көбінесе аудармашылар актер көрермен алдында мәтінді айтатын "айтылу жағдайлылығы" ұғымын назарға алмайды, сондықтанда аударманың белгілі бір қиындықтарына әкеледі. Осылайша, аудармашыға әдебиеттанушылармен, режисерлермен және актерлармен бірге жұмыс істеген жақсы.
Сонымен, драмалық аударма дегеніміз- сахналық қойылым үшін құрылған әдеби жанр, ол диалогтық сөйлеуден және басқа да драмалық элементтерден тұрады, сондықтан аудармашыға драманың аударылуы қандай мақсатпен жүзеге асырылатынын түсіну керек, яғни оқу немесе сахналық интерпретация үшін екендігін.
Драмалық бейненің тілдік ерекшелігінің негізі - ол тілдік құралдардың көмегімен ғана емес, сонымен қатар сахна драмасы ұсынатын құралдар (заттар, дыбыс, жарық, ең бастысы – актерлердің дауысы, келбеті мен қимыл-қимылдары). Осылайша, бір жағынан, драма бейнесі көркем әдебиеттегі бейнеден өзгеше құрылады. Сипаттың түрлі бейнесі тұрғысынан емес, атап айтқанда оны құру үшін қолданылған құралдардың айырмашылығы тұрғысынан айқындалады. Бұл айырмашылық драмалық бейненің ерекшелігін анықтайды, оны нақтылау мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақ, екінші жағынан, сахналық тек тіл құралдарымен жүзеге асырылған жолмен салыстырғанда драмалық образ мүмкіндіктері шектеледі. Драмалық бейненің көмегімен жасалатын лексикалық құралдар басқа жанрда көркем бейнені жасау үшін лексикалық құралдармен салыстырғанда үлкен айқындықпен және одан үлкен дербестікпен сипатталады
Э. Розиктің пікірінше, театрлық мәтін-бұл "сахналық қойылым арқылы аудиторияға жеткізілетін және көрермен бұл хабарды білдіретін, белгілі бір қиял әлемін сипаттайтын болжаммен шифрлайтын күрделі тұтас театр белгілерінің түпкілікті және белгілі бір жиынтығы" [1, 147 б.].
Драмалық мәтін тек сахналық әрекеттің негізі болып табылады, онда кейіпкерлердің сөздері сахналық сөйлеуге ауысады, ал авторлық ескертулер декорация, мизансцена, кейіпкерлердің костюмдері және т. б. түрінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Э.Маркони мен А. Роветти пьесаның белгі жүйесінің спектакльден басты айырмашылығы деп аталады оның аудиовизуалды сипаты, өйткені ол көрермендердің есту және көру қабілетіне әртүрлі белгі жүйелерінің көмегімен әсер етеді. Сонымен қатар, драматург сипаттаған мәтіннің кеңістіктік және уақыттық сипаттамалары, зерттеушілердің пікірінше, сөйлеуге еніп, тек материалдық және нақты болып қана қоймай, сонымен бірге айтарлықтай өзгертіліп, спектакльдегі мәтіннен тек бөлімді қалдырады-актілер, көріністер, суреттер, уақыт пен кеңістіктің материалдық мазмұны мүлдем өзгеше болады.  [2, 46 б.].
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, бұл міндет "драма" сөзінің мәнін түсінуді қажет етеді. Драмалық мәтіннің тұтастай сахналық қойылымбола аладыма деген сұрақ туындайды. Бұл дихотомияға сілтеме жасау үшін қазіргі зерттеушілер performability» және «readability терминдерін жиі қолданады. Performability-спектакльде жүзеге асырылуға болатынын анықтайтын қасиеті. Readability-драмалық шығарма мәтінінің тек оқылым ретінде анықтайтын қасиеті.
Драмалық мәтіннің осы қасиеттері туралы пікірталас Британдық зерттеуші Сьюзан Басснеттің шығармаларымен тығыз байланысты. Оның еңбектерінде, айнадағыдай, "drama / theatre translation" сияқты аударма ғылымының негізгі даму тенденциялары көрініс тапты, мақала авторы оларға толығырақ тоқталуды ұсынады. [3, 90-108 б.]
Драма аудармасы - драматургиялық мәтіндерді аудару, театрға немесе киноға арналған мәтіндерді аудару: пьесалар, опералар, мюзиклдер, кино және бейне фильмдерді аударуда қолданылады.
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қойылған міндет "драма" сөзінің мәнін түсінуді қажет етеді. Драмалық мәтіннің тұтастай сахналық қойылым бола аладыма деген сұрақ туындайды. Бұл дихотомияға сілтеме жасау үшін қазіргі зерттеушілер performability» және «readability терминдерін жиі қолданады. Performability-спектакльде жүзеге асырылуға болатынын анықтайтын қасиеті. Readability-драмалық шығарма мәтінінің тек оқылым ретінде анықтайтын қасиеті.
Шекспирдің әлемге әйгілі пьсаларының бірі«Гамлет» драмалық шығарма, трагедия. Осы тұста трагедия деген ұғымға түсінік берер болсақ, трагедия - сахнаға арналын жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанырдын бір түрі. Трагедияның өзіндік жанырлық ерекшелігі - ол өмірдегі шиеленіскен күрес-тартысты, бір-біріне қарама-қайшы күштерддің ымыраға келмейтін, белдескен күресін, қақтығыс-таласын суреттейді трагедияда әдетте қоғам көшін ілгері бастауға ұмтылған. М.Дәулетбаевтың мақсаты- қазақ елін батыс әдебиетімен таныстыру. Олардың ойларын жеткізе білу. М. Дәулетбаев "Гамлетті" 1922- 1923 жылдары Мәскеуде оқып жүргенде өлең сөзбен аударады. Бұл аударма орыс жазушысы, романтикалық сарындағы публицист Н. А. Полевойдың нұсқасымен жасалады. Оның аудармасы театрда қойылу үшін арнайы жасалған еркін сахналық нұсқа болды. «Гамлетті» аудара отырып, Н.Полевой дәлдікке ұмтылмаған, тіпті кей кездері еркінсіп  кеткен жерлері де бар. Ол пьесаның үштен бір бөлігін қысқартып тастаған. Шекспирлік парасат түсініксіз немесе тым ұзақ көрінген жолдар - бәрі алынып тасталған. Сонымен бұл нұсқа романтикалық сарындағы пьеса болып шығады. Бірақ аударма - тіл тірлігі. Мәнерлігі жағынан ұтты. Сахнадан шыққан өлең көрермен жүректерін елжіретіп жатты.
1925 жылы ұлт театры артистерінің арқасында М.Дәулетбаев Гамлетті  сахнада қоятын етіп қолға қайта алды. Бұл жолы аудармашы басқада орыс нускалармен (Соколовский, Кетчер, Вороченко, т.б.) танысып тексереді. Сол аудармалардың барлығын жинақтап «Гамлетті» қайтадан қара сөзбен жазды.
М Дәулетбаев тек Н. А. Полевой аудармасын ғана пайдаланып қоймаған. Өйткені ол Н. А. Полевой аудармасындағы көп қателіктерді байқаған, басқа авторларды, мысалы М. Вронченко,           Н. Кетчерлерді қараған. Сонымен қатар М. Дәулетбаев ағылшын тілін білетіндермен де ақылдасып отырған. Мысалы Гамлеттің атақты «Быть или не быть» монологының ағылшынша аудармасын береді: «To be or not to be. That is the question». М. Дәулетбаев бұл монологты М.Вронченко аудармасымен бергенін айтады.
Көрқазушының бір өлеңі мынау:
 
Кесте-1

Түпнұсқа

Н. А. Полевойда былай:

 

М. Дәулетбаев аудармасы

In youth, when I did love, did love,

We tgouht it was very sweet.

To contract, on the time for ah! My behove,

On, methough, there was nothing meet.

Лихой, удалый я бывал,

Любил играть и петь,

Теперь я стар, и хил я стал –

Пришлось не петь - кряхтать!

 

Жасымда тентек едім, бастар - жауға,

Құмар ем ойын-күлкі, ән шырқауға.

Бұл күнде жасым өтті, шалдық кірді,

Тәуірмін анда-санда балпылдауға

 
М. Дәулетбаев аудармасы Н. Полевой мәтінін толығымен береді. М. Дәулетбаев қазақ тілінде бар эмоциялық күшті, ауызекі тілде көп айтылатын сөздерді қолдануға тырысқан. 
Офелияны жерлеу рәсімінде Гамлет Лаэртке барлық ел алдында:
 
Кесте-2

Түпнұсқа

Н. А. Полевойда:

 

М.Дәулетбаевта:

Ham. I loved Ophelia, forty thousand brothers. Could not, with all their quantity at love. Make up my sum.

Гамлет. Но я любил ее, как сорок тысяч братьев. Любит не могут.

 

Гамлет. Мен Офелияны мың ағасынан да артық сүйдім.

 

 
           Гамлеттің Офелияға деген махаббатын «forty thousand brothers» (түпнұсқада), «сорока тысяч братьев( орыс тілінде ) ауыстыра алмайды. Ал, М. Дәулетбаев аудармасында Гамлет Офелияны «мың ағасынан да артық сүйдім» дейді.
         Шекспирдің басқа драмаларына қарағанда «Гамлет» өте қиын, философиялық мәні тереңде жатқан пьеса. Бұл сонымен қатар аудармада біраз қиындықтар туғызады.
Алғашқы төрт акт бойында Гамлет өзін қоршаған зұлымдықтан азап шегеді, терең уайым-қайғыға беріледі, жеке өз басы үшін ғана емес, адамзат басындағы трагедиялық жағдайды көтергісі келіп, соған үлкен дайындық жүргізеді.
 
Кесте-3

Түпнұсқа

Н. А. Полевойда:

 

М.Дәулетбаевта:

"I don't like human women any more."

«Я не люблю человека - женщин еще больше». 

 

«Мен адамды сүймеймін, әсіресе әйелдерді жек көрем».

 
М. Дәулетбаев аударғанда Гамлеттің адамдар жайлы ойын тіпті тереңдетіп жібереді. Ол адамдарды сүймейді, сонымен бірге әйелдерді де жек көреді:.
Қазақша нұсқасы ауызекі, орысша айтқанда «бытовой» тілмен жазылған. Алайда сол кезеңді, дәуір талабын ескере отырып, біз аударманы нашар деп айта алмаймыз. М. Дәулетбаев аудармасы өз заманының ерекше туындысы. Шекспир шығармашылығына алғаш жол ашқан осы М. Дәулетбаев еді. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы арқылы қазақ халқы ағылшын драматургиясымен танысты. аудармасының жетіспей жатқан тұстары болса, ол кемшілігі емес. М. Дәулетбаев барынша түпнұсқасының аудармасының ерекшелігін сақтауға талпынған. Ол барынша "аударманы сахна тіліне икемдеген. Әр аударманың өз тарихы бар. М. Дәулетбаев аудармасын сол замандағы табысты шыққан аудармалардың қатарына қоса аламыз. Себебі қазақ қоғамында пайда болған Шекспир классикасының өзіндік орны бар. Бұл аударма қазақ жазушыларының Шекспир шығармашылығына деген қызығушылығын арттырады.
Хамит Ерғалиев орысша нұсқада Пастернак аудармасын қолданған.
«Гамлеттегі» бірінші актінің екінші көрінісіндегі корольдың монологын оқып көрейікші: Бірінші актінің екінші көрінісінде король:
 
Кесте-4

Түпнұсқа

Пастернак

Хамит Ерғалиев:

Look for happiness, in a good hour, Laertes.

Spend your time as you please,

Well, how is our dear son Hamlet?

 Ищите счастья, в добрый час, Лаэрт.

Как вздумаете, проводите время,

Ну, как наш Гамлет, близкий сердцу сын?

 

Сәт тілеймін, Лаэрт бағың ашылсын,

Өз еркіңде өткеретін уақытың.

Қалай Гамлет, туысым һәм ұланым?

 

 
 Көріп тұрғанымыздай,«сын» деген сөзді «ұланым» деп аударған. Бірақ егер осыны ұлым деп аударса, шығарма мазмұнын ширықтырып жіберуге көмегі тиер еді.
 
Кесте-5

Түпнұсқа

Пастернак

Хамит Ерғалиев:

Is your face covered in clouds again?

Опять покрыто тучами лицо?

Бұла жүзді бұлт басқан ба тағы да? 

 
Орысшада, түпнұсқада да «бұла» деген сөз жоқ. Бұл сөз Гамлеттің жас жүзінің бейнесін жасауға сәтті қолданылған.
Х. Ерғалиев нұсқасында берілген аударма шеберлі, өйткені сөзбе-сөз аударар болсақ, қандай оғаш, қандай бір түрлі болып аударылар еді.
Немесе Гамлеттің бірдеңеге наразылығын сезген король «Почему же над тобой вечно весят тучи?» деп сұраса, оған Гамлет «Это не так, милорд: я под слишком ярким солнцем» деп жауап береді, осы жолдарды автор: Король: Бұла жүзді бұлт басқан ба тағы да? Гамлет: Ә, жоқ милорд: күн нұрына күптімін, аударған. Әрі дәл, әрі көркем, келісті де түсінікті жолдар. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Мұнан Х. Ерғалиев жасаған аударманың көркемдік шоқтығы биік, шынайы да шымыр, әрі мүлткісіз екенін көреміз.
Аудармашы қазақ тіліне тән өте ұтымды шығар фразеологиялық тіркестерді, өте онды пайдаланған: "Make thy two eyes, like stars, start from their sphers - Глаза как звезды вышли из орбит - Екі көзің шарасынан шақшиып", "Thy knotted and combined locks to part - И кудри отделились друг от друга - Айдарыңның тал-тал болып бұйрасы", "And eash particular hair to stand an and - Поднявший дыбом каждый волосок - Төбе тік тұрар". Егер "айдар" деген сөздің орнына "бұйра" деп қолданса ешбір қиыспай қалар еді.
Аударма мағыналық, көркемдік тұрғысынан дәл жасалған.
Аудармадағы тағы бірнеше сәтті тұстарға тоқталсақ, түпнұсқада Энардоның сөзі:
 

Түпнұсқа

Пастернак

Хамит Ерғалиев:

 Sit down awhile

Ant let as onse again assail your year

That are so sortifiet against our story.

What we have two nights seen.

 

Давайте сядем

И двинем вновь на штурм твоих ушей,

Для нашего рассказа непристыпных

Все, что мы видели.

?

Отырайық

Бізге қарсы, құлағыңыз қамалы

Қанша берік болса да,

 Көзімізбен көргенді айтып.

Сол қамалды айтуға рұқсат деңіз

 
Пастернак аудармасында «Штурм твоих ушей» деген жерін Х. Ерғалиев «Құлағыңыз қамалы» деп көркем алған. Тағы бір көркемдік жері Горационың сөзі:

Түпнұсқа

Пастернак

Хамит Ерғалиев:

 Tis strange,

 

 

Как странно!

 

Ақыл жетпес ахуал

 
Өзіміз көріп отырғандай, орысша нұсқасында жай ғана таңғалып тұрса, қазақша нұсқасында өте әдеби тілде аударылған.
Х. Ерғалиевтің аудармаларында көрсетілген "кемшіліктері" қазақ аударма шығармашылығында әлемдік классиканы қазақ тіліне аудару кезінде делдал-тілді қолдану мәселесі бар екенін айтады. Бұл У. Шекспирдің өзіндік сонеттері мен қазақ тіліне аударылған сонеттер арасындағы айырмашылықтың себебі болып табылады. Батыс пен шығыс поэзиясының ең жақсы үлгілерін орыс нұсқаларымен аудара беру – ең дұрыс жол емес. С. Абдрахманов мұндай әдісті " тұйық жол" деп атайды, себебі мұндай аудармаларды жасау кезінде көп нәрсе жоғалады. Бұған жол бермеу үшін С. Абдрахманов шешімнің екі жолын ұсынады: а) түпнұсқа тілін меңгерген аудармашыларды дайындау (біздің жағдайда ағылшын тілінде); б) түпнұсқа тілінен жол бойындағы аудармаларды жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау.
Көркем аударма саласындағы ерекше мол жетістік У. Шекспир аудармалары. Шекспирді алғаш рет қазақ тілінде сөйлеткен М. Дәулетбаев. М. Дәулетбаев бул аудармаға кездейсоқ келмеген. Әр түрлі орысша нұсқаларды қарастыру, пьеса тарихына байланысты деректерді құнттау оның аудармаға ғылыми тұрғыдан келгендігін аңғартады. Қазақтың шұрайлы, оралымды тілін Мәжит еркін игерген. Шағын диалогтар, түпнұсқаның өзінде қара сөзбен жазылған үлгілер қазақшада қонымды берілген. Кей тұстары түпнұсқамен дәл келмесе де мазмұн мен көркемдікке бай шыққан. VI «Гамлеттің» отызыншы жылдарда қазақ топырағына келу фактісінің өзі ұлт әдебиетнідегі соны құбылыс болатын. Ал «Гамлеттің» Хамит Ерғалиев жасаған варианты аударма өнерінің жаңа биігін көрсетеді. «Гамлет» - Шекспир трагедияларының ең биік шыңы. Бұл өзі - көркем шығарма ретінде болсын, сахналық қойылым ретінде болсын өте күрделі, өте нәзік, философиялық астары алуан қатпарлы классикалық дүние. Сондықтан да бізліп ақынымыз Х. Ерғалиевтің өзі де оны тек творчестволық кемеліне келген де ғана аударуға қол созуы көбіміз үшін әрі өлшем, әрі өнеге болуға тиіс. Жоғарыда талдап отырғанда «Гамлетті» қазақша сөйлеткен екі ақынның өздеріне тән стилі арқылы сол көркем аударма стилін көрдік. М. Дәулетбаев қысқартып, мазмұнын ғана дәл беруге ұмтылып, біраз формалық ауытқушылыққа барса, Х. Ерғалиев өте дәл, көркем аударма  жасаған.
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  1. Rozik E. The Language of the Theatre. Glasgow : Theatre Studies Publications, 1992, pp-58
  2. Маркони Э., Роветто A. Театр как общая модель языка. – Mилан, 1975.
  3. Bassnett, S. Translation Across Cultures: Language at Work, British Studies in Applied Linguistics.  Still Trapped in the Labyrinth: Further Reflections on Translation and Theatre in S. Bassnett & A. Lefevere (Eds), Constructing Cultures: Essays in Literary Translation, Clevedon: Multilingual Matters, (1998b)  рр 90-108 
  4. Шекспир Гамлет. Избранные переводы. - Москва: Радуга, 1985. 640 с.. 17. Шекспир В. Его время и творчесто. В кн.: Вильям Шекспир. Гамлет. Король Лир. - Минск: Народная асвета, 1974. 352с..
  5. Шекспир Уильям. Отелло. Асауға тұсау. Гамлет. Ромео мен Джульетта. Король Лир. Сонеттер. – Астана: Аударма, 2004. – 688 б. 4
  6. Ергалиев Х. Демарш: Стихи, баллады, поэмы: Пер. с каз. – АлмаАта: Жазушы, 1991. – 224 с. 
  7. Абдрахманов С. Перевод поэзии и поэзия перевод (исследование). – Астана: Аударма, 2008. – 472 с

 

 

 

Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
M02E6B9

Казахстан, г. Караганда