Дата публикации: 20.03.2022
Омар Айым Бекболатқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
1 курс магистранты, Алматы, Қазақстан
АННОТАЦИЯ
Мақалада қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мәселесі қарастырылған. Бəсекеге қабілеттілік – жеке адамның жəне біртұтас қоғамның, ұлттың табыстылығының факторы. Қазақстан халқының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобалар қарастырылып, жоғары оқу орындарының оқу-ағарту қызметіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі аспектілері аталды.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу
Мақала қазіргі әлемнің талаптарына сәйкес келетін білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мәселесін талдауға арналған. Бәсекеге қабілеттілік жеке адамның және тұтастай ұлттың жетістік факторы ретінде түсініледі. Мақалада бәсекеге қабілеттілік үшін қажетті жеке қасиеттер ерекшеленеді, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудің міндеттері мен шарттары анықталады. Қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін дайындауға бағытталған жобалар қаралды және ЖОО-ның оқу және тәрбие қызметінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілері атап өтілді.
Қазақстан Республикасында Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Онда бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуі үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек екендігі нақты көрсетілген. Президенттің "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы азаматтардың рухани даму стратегиясының бір түрі, Қазақстандықтардың санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыру оның негізгі міндеті болып табылады. Бірақ бұл мақсаттарға сапалы жақсартылған білім беру жүйесімен ғана қол жеткізуге болатынды бәріне де мәлім дүние [1].
Назарбаев жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың бәсекеге қабілеттілігін дамыту арқылы ғана табысқа жету мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Дәлірек айтқанда, ұлттың аймақтық және әлемдік нарықтарда бағасы мен сапасы жағынан тиімді нәрсені ұсына алуы. Ал бұл тек материалдық өнім емес, сонымен қатар білім, қызмет, интеллектуалдық өнім, еңбек ресурсының сапасы. Ертеңгі күннің ерекшелігі – елдің табысты болуының факторы қазба байлығы емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады [2].
Кез келген адам ой-өрісін кеңейте отырып, білім деңгейін арттырып, бәсекеге қабілеттілігін дамытады. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру процесі күрделі және жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту мәселесі ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесінде маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы жастар санасын өзгертуге бағытталған және 6 арнайы жобаны қамтиды:
-
"Туған жер";
-
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы";
-
"Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет";
-
"100 жаңа оқулық";
-
"Қазақ тілін латын графикасына көшіру";
-
"100 жаңа есім".
«Туған жер» жобасы қазақстандықтардың өз ауылына, қаласына, аймағына, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш және адалдық, Отан алдындағы адамгершілік парызын білдіретін шынайы патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Келесі «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы ұлттық бірегейлікті сақтауға, Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыруға, тарих пен мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге негізделген жоба.
«Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет» жобасы Қазақстанның үздік туындыларын – кітаптарды, пьесаларды, картиналарды, мүсіндерді, музыкалық туындыларды, ғылыми жаңалықтарды – біздің мәдениет пен оның заманауи әлемде жетістіктерін насихаттауға бағытталған.
«100 жаңа оқулық» жобасы студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша толыққанды білім алуына жағдай жасауы керек, атап айтқанда гуманитарлық ғылымдардың барлық бағыттары бойынша әлемнің әртүрлі тілдеріндегі 100 үздік оқулығын қазақ тіліне аудару.
«Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасы латын әліпбиіне кезең-кезеңімен жүйелі көшуге бағытталған, бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның ерекшеліктерімен, коммуникациялармен және 21 ғасырдағы ғылыми-білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен негізделеді.
Тағы бір «100 жаңа тұлға» жобасы қоғам назарын Тәуелсіздік жылдарында жетістіктерге жеткен әр өңірден, әр жастан, ұлттан шыққан 100 нақты тұлғаның – замандастарымыздың тарихына назар аударып, оларды қаһарман, үлгі-өнеге ету керек. Осы біртуар тұлғалардың тарихы – қазіргі Қазақстанның келбеті.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, болашақ маманның да өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас орната білуі, атап айтқанда, сыйластық, түсіністік, эмпатия сияқты қасиеттер болуы қажет.
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ұлттық саясатты жүзеге асырудың, ұлтаралық қатынастарды үйлестірудің, саяси тұрақтылықты сақтаудың, қоғамдық келісім мен бейбітшілікті, ұлтаралық және дінаралық диалогты нығайтудың бірегей әрі тиімді тетігі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі – Қазақстанның әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара іс-қимылдың жаһандық үдерісіне қосқан нақты үлесі» деп атап көрсетті [3].
Әдебиеттер тізімі
-
Послание Президента Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее».
-
Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания // Официальный сайт президента РК. - 2017. - Режим доступа: http://www.akorda.kz/
-
Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г. Назарбаев Н.А. – основоположник казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия. - Алматы, 2010.–266 с.