Дата публикации: 13.10.2026
Бахытқызы Мадина; Комекова Айгерім
4 курс бакалавриат
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жетекші: Ибраева Лаура Манарбековна
Оқытушы ЭжБЖМ ҚАЗҰУ
Алматы, Қазақстан
АНДАТПА
Мақалада Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойынша тасымал көлемінің өсу серпіні мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың Қазақстанның транзиттік әлеуетіне тигізетін экономикалық ықпалы статистикалық деректер, кестелер мен диаграммалар негізінде талданады. Мақаланың мақсаты – 2019-2026 жылдар аралығындағы жүк айналымы динамикасын, инвестициялық жобаларды және халықаралық қаржы институттарының болжамдарын жинақтай отырып, дәліздің Қазақстан экономикасына тигізетін ықпалын кешенді бағалау. Зерттеу барысында ресми статистикалық деректерге, Дүниежүзілік банк пен ЭЫДҰ есептеріне сүйене отырып, салыстырмалы-талдамалы және графикалық әдіс қолданылды. Нәтижесінде дәліз бойынша жүк айналымы 2019-2025 жылдар аралығында бес есеге жуық өскені (0,9 млн-нан 4,7 млн тоннаға дейін), ал 2026 жылдың сегіз айында тасымал көлемінің 22%-ға, контейнерлік тасымалдың 58%-ға артқаны анықталды. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша дәліздің толық іске асуы аймақаралық сауданы 28-37%-ға арттыруы мүмкін. Мақалада нақты ұсыныстар тұжырымдалды.
Кілт сөздер: Орта дәліз, Транскаспий халықаралық көлік бағыты, транзиттік әлеует, көлік-логистика инфрақұрылымы, Қазақстан экономикасы.
ABSTRACT
The article analyzes the growth dynamics of cargo traffic along the Trans-Caspian International Transport Route (the Middle Corridor) and the economic effect of related infrastructure projects on Kazakhstan's transit potential, supported by statistical data, tables and charts. The purpose is to comprehensively assess the corridor's impact on Kazakhstan's economy for 2019-2026 by consolidating traffic dynamics, investment projects, and forecasts of international financial institutions. A comparative-analytical and graphical method was applied, drawing on official statistics and World Bank/OECD reports. The findings show that corridor cargo turnover grew almost fivefold between 2019 and 2025 (from 0.9 to 4.7 million tonnes), while in the first eight months of 2026 transport volume rose by 22% and container traffic by 58%. According to World Bank estimates, full corridor development could raise intra-regional trade by 28-37%. Concrete policy proposals are formulated.
Keywords: Middle Corridor, Trans-Caspian International Transport Route, transit potential, transport and logistics infrastructure, Kazakh economy.
АННОТАЦИЯ
В статье на основе статистических данных, таблиц и диаграмм анализируется динамика роста грузопотока по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (Среднему коридору) и экономическое влияние связанных с ним инфраструктурных проектов на транзитный потенциал Казахстана. Цель – комплексно оценить влияние коридора на экономику Казахстана за 2019-2026 гг. на основе динамики перевозок, инвестиционных проектов и прогнозов международных финансовых институтов. Использованы сравнительно-аналитический и графический методы на основе официальной статистики, докладов Всемирного банка и ОЭСР. Установлено, что грузооборот коридора вырос почти в пять раз за 2019-2025 гг. (с 0,9 до 4,7 млн тонн), а за восемь месяцев 2026 года объем перевозок увеличился на 22%, контейнерных – на 58%. По оценке Всемирного банка, полная реализация потенциала коридора может увеличить внутрирегиональную торговлю на 28-37%. Сформулированы конкретные предложения.
Ключевые слова: Средний коридор, Транскаспийский международный транспортный маршрут, транзитный потенциал, транспортно-логистическая инфраструктура, экономика Казахстана.
КІРІСПЕ
Қазіргі әлемдік экономикада көлік дәліздері мемлекеттердің геоэкономикалық орналасуын бәсекелестік артықшылыққа айналдырудың маңызды құралы болып отыр. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан кейін дәстүрлі солтүстік бағыттың тәуекелі артып, баламалы маршрутқа – Транскаспий халықаралық көлік бағытына (бұдан әрі – ТХКБ, немесе Орта дәліз) деген қызығушылық күрт өсті [1]. Орта дәліз Қытайды Орталық Азия, Каспий теңізі, Оңтүстік Кавказ және Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын мультимодалды маршрут болғандықтан, оның негізгі құрлықтық буыны – Қазақстан: Қытайдан Еуропаға бағытталған құрлықтық транзит тасымалдарының шамамен 85 пайызы дәл Қазақстан аумағы арқылы өтеді [6].
Дәліздің геосаяси өзектілігі оның экономикалық әлеуетімен тығыз байланысты: транзиттік тасымалдардың өсуі мемлекеттік бюджетке түсетін кірістерді, көлік-логистика инфрақұрылымына салынатын инвестицияларды және байланысты салалардағы жұмыс орындарын арттыруға ықпал етеді. Мақаланың мақсаты – Орта дәліздің 2019-2026 жылдардағы даму серпінін статистикалық деректер, кестелер мен диаграммалар арқылы жүйелей отырып, оның Қазақстанның транзиттік әлеуетіне тигізетін экономикалық ықпалын бағалау. Осыған сай мынадай міндеттер қойылды: жүк айналымы динамикасын сандық талдау; іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды сипаттау; халықаралық қаржы институттарының болжамдарына сүйене отырып экономикалық әсерді бағалау; негізгі тәуекелдерді анықтап, нақты ұсыныстар тұжырымдау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Орта дәліздің жүк айналымы динамикасы
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен ТХКБ қауымдастығының ресми деректеріне сәйкес, дәліз бойынша жүк айналымы 2019 жылдан бастап тұрақты өсу үрдісін көрсетіп келеді (1-кесте, 1-сурет).
|
Жыл
|
Жүк айналымы, млн тонна
|
Өткен жылмен салыстырғандағы өсім
|
Дереккөз
|
|
2019
|
0,9
|
—
|
[7]
|
|
2022
|
1,7
|
—
|
[9]
|
|
2023
|
2,76
|
+65%
|
[9]
|
|
2024
|
4,5
|
+62%
|
[9]
|
|
2025
|
4,7
|
+4-5%
|
[7]
|
|
2026 (8 ай / жылдық болжам)
|
5,7 (болжам)
|
+22%
|
[4]
|
1-кесте. ТХКБ (Орта дәліз) бойынша жүк айналымының динамикасы, 2019-2026 жж.
1-сурет. ТХКБ бойынша жүк айналымының динамикасы, млн тонна (автормен [4], [7], [9] негізінде құрастырылған)
Кестеден көрінгендей, 2019-2025 жылдар аралығында дәліздің жүк айналымы шамамен бес есеге жуық өсті. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалпы тасымал көлемі 22 пайызға, ал Шығыс-Батыс бағытындағы транзиттік тасымалдар 55 пайызға өскен [4]. Контейнерлік тасымалдар бойынша өсім одан да жоғары: 2026 жылдың сегіз айында 44,2 мың TEU жүк тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 пайызға көп, ал Қытайдан келген контейнерлік пойыздар саны 84 пайызға өсіп, 419-ға жетті [5] (2-сурет).
2-сурет. ТХКБ бойынша контейнерлік тасымал көлемі, қаңтар-тамыз кезеңі, мың TEU (дереккөз: [5])
Дәліздің теміржол құрамдасымен қатар автомобиль көлігі де маңызды рөл атқарады: 2025 жылы Қазақстанның жалпы теміржол транзиті 35 миллион тоннадан асса, автомобиль көлігімен тасымал 8 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп (3-сурет) [6].
3-сурет. Қазақстанның транзиттік тасымалы көлік түрлері бойынша, млн тонна, 2025 ж. (дереккөз: [6])
2. Инфрақұрылымдық жобалар мен географиялық схема
Дәліздің өткізу қабілетін арттыру мақсатында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда (4-сурет, 2-кесте). Дүниежүзілік банк Қазақстанның Орта дәліз учаскесінде 2030 жылға қарай жүк айналымын үш есеге арттырып, транзит уақытын екі есеге қысқартуды көздейтін көп кезеңді бағдарламалық тәсіл (Multi-Phase Programmatic Approach) аясында Мойынты-Қызылжар арасындағы 322,3 шақырымдық жаңа теміржол учаскесін қаржыландырады [10; 13].
4-сурет. Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліздің) схемалық картасы
|
Жоба атауы
|
Сипаттамасы
|
Күтілетін экономикалық әсері
|
|
Мойынты-Қызылжар теміржолы
|
322,3 км жаңа учаске, Дүниежүзілік банк қаржыландыруы
|
Жүк айналымын 3 есе арттыру, транзит уақытын 2 есе қысқарту (2030 ж. дейін)
|
|
«Арал-Каспий» магистралі
|
Жаңа теміржол дәлізі
|
Жеткізу уақытын 5 тәуліктен 3 тәулікке дейін қысқарту
|
|
Достық-Алашанькөу (2-желі)
|
Қытай шекарасындағы 2-ші теміржол тармағы
|
Шекарадағы өткізу қабілетін 2 есе арттыру, +20 млн тонна жүк
|
|
Аягөз-Тачэн желісі
|
Жаңа шекара асу бекеті
|
Қытаймен қосымша дәліз, жүктеменің қайта бөлінуі
|
|
Smart Cargo цифрлық платформасы
|
Бірыңғай цифрлық басқару жүйесі
|
Тасымалды үйлестіру, кідірістерді азайту
|
|
Middle Corridor Multimodal ЖШС
|
ҚР, Әзербайжан, Грузия бірлескен компаниясы (2024 ж.)
|
«Бірыңғау терезе» қағидаты, логистикалық шығындарды төмендету
|
2-кесте. Орта дәліздің негізгі инфрақұрылымдық жобалары (дереккөздер: [6], [7], [10], [13])
3. Экономикалық ықпалды бағалау
Дүниежүзілік банктің 2023 жылғы «The Middle Trade and Transport Corridor» атты зерттеуінде дәліздің дамуы аймақаралық сауданың негізгі драйверіне айналатыны атап өтіліп, Әзербайжан, Грузия және Қазақстан арасындағы өзара сауда 37 пайызға, ал Еуропамен сауда шамамен 28 пайызға өсуі мүмкін екені болжанған [15; 17]. Транзиттің жалпы жүк айналымындағы үлесі 2026 жылы 55 миллион тоннаға, 2029 жылы 67 миллион тоннаға, ал 2035 жылға қарай 100 миллион тоннаға дейін өсуі күтілуде [8] (3-кесте).
|
Көрсеткіш
|
Мән / болжам
|
Дереккөз
|
|
Аймақаралық сауда өсімі (ӘК-ГР-ҚЗ)
|
+37%
|
Дүниежүзілік банк [15]
|
|
Еуропамен сауда өсімі
|
+28%
|
Дүниежүзілік банк [17]
|
|
Транзит үлесі, 2026 ж.
|
55 млн тонна
|
ҚТЖ [8]
|
|
Транзит үлесі, 2029 ж.
|
67 млн тонна
|
ҚТЖ [8]
|
|
Транзит үлесі, 2035 ж.
|
100 млн тонна
|
ҚТЖ [8]
|
|
Логистика/қойма секторының табыстылығы
|
жылына 15-18%
|
Nasklad.kz [9]
|
|
Қойма алаңының тапшылығы (Алматы, Астана)
|
~400 мың м²
|
Nasklad.kz [9]
|
|
Қазақстан ЖІӨ (2024 ж.)
|
291,5 млрд АҚШ доллары
|
Дүниежүзілік банк [10]
|
3-кесте. Орта дәліздің дамуының болжамды экономикалық көрсеткіштері
Транзиттік тасымалдардың өсуі туынды экономикалық әсерлер де тудырады: логистика және қойма секторына салынатын инвестициялар валюталық баламада жылдық 15-18 пайыз кірістілік көрсетіп отыр, ал контейнерлік тасымалдардың соңғы жылда 93 пайызға өсуі Алматы мен Астана терминалдарына түсетін жүктемені күшейтіп, нарықта сапалы қойма алаңының шамамен 400 мың шаршы метрі жетіспейтінін көрсетті [9]. Бұл, бір жағынан, жаңа инвестициялық және жұмыс орындарын құру мүмкіндігін білдірсе, екінші жағынан, инфрақұрылымдық шектеулердің транзиттік әлеуетті толық іске асыруға кедергі келтіретінін дәлелдейді. Мысалы, Алматы маңында ұйымдастырылған транзитке бағдарланған хаб жобасы қосымша 5-7 мың тұрақты жұмыс орнын құруы мүмкін деп бағаланады, бұл өңірлік еңбек нарығына оң ықпал етеді.
4. Қиындықтар мен тәуекелдер
Дәліздің экономикалық әлеуетін толық іске асыруға бірқатар факторлар кедергі келтіреді: терминалдар мен қойма инфрақұрылымының жеткіліксіздігі жүк ағынының өсу қарқынына сай келмейді [9]; Каспий теңізі арқылы өтетін флоттың тұрақты жүктелуін қамтамасыз ету және 2027 жылға арналған тасымал тарифтерін келісу мәселесі әлі толық шешімін таппаған [5]; дәліздің тиімділігі бірнеше елдің (Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия) саяси-экономикалық үйлестіруіне тәуелді болғандықтан, кез келген геосаяси өзгеріс тасымал көлеміне ықпал етуі мүмкін [11].
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Жүргізілген талдау Орта дәліздің дамуы Қазақстанның транзиттік әлеуетіне айтарлықтай оң экономикалық ықпал ететінін көрсетті: 2019-2025 жылдары тасымал көлемі бес есеге жуық өсіп, 2026 жылдың сегіз айында қосымша 22 пайыздық өсім тіркелді. Осы нәтижелер негізінде мынадай нақты ұсыныстар тұжырымдалды:
1. Мойынты-Қызылжар және «Арал-Каспий» сияқты инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлы мерзімде аяқтап, Алматы мен Астана терминалдарындағы қойма тапшылығын (шамамен 400 мың м²) жою үшін жеке инвесторларды тарту тетіктерін кеңейту.
2. «Smart Cargo» цифрлық платформасын Middle Corridor Multimodal серіктестерімен толық интеграциялап, шекара асу және кеден рәсімдерін цифрландыру арқылы кідірістерді қысқарту.
3. 2027 жылға арналған тасымал тарифтерін серіктес елдермен (Әзербайжан, Грузия) алдын ала келісіп, ұзақ мерзімді тариф тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы жүк жөнелтушілер үшін дәліздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
4. Транзиттік қызметтен түсетін кірістерді өңірлік логистика және қойма секторындағы жаңа жұмыс орындарын қаржыландыруға бағыттап, кадрлар даярлау бағдарламаларын дамыту.
Осы шаралардың кешенді іске асырылуы Орта дәліздің Қазақстан экономикасына тигізетін оң әсерін ұзақ мерзімді тұрақты өсуге айналдыруға және елдің Орталық Азиядағы негізгі логистикалық хаб мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. World Bank. The Middle Trade and Transport Corridor: Policies and Investments to Triple Freight Volumes and Halve Travel Time by 2030. – Washington, D.C., 2023.
2. OECD. Realising the Potential of the Middle Corridor. Country chapters. – Paris: OECD Publishing, 2024.
3. Қазақстан Орта дәліз бойынша тасымалды 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр // Inform.kz. – 14.05.2026.
4. Вырос объем перевозок по Среднему коридору // Trend.Az. – сентябрь 2026.
5. Транзит поездов из Китая через Казахстан хотят увеличить до 1000 в год // BAQ.kz. – 2026.
6. Развитие транзитного потенциала Казахстана // 24.kz. – 2026.
7. Транскаспийский транспортный маршрут // Wikipedia. – 2026.
8. Перспективы Среднего транспортного коридора // ZDMira.com. – 05.08.2026.
9. Средний коридор 2026: как транзит грузов повышает доходность складов в РК // Nasklad.kz. – 2026.
10. The World Bank Backs Kazakhstan's Rail Shortcut // The Times of Central Asia. – 08.04.2026.
11. World Bank. Kazakhstan Economic Update: Shaping Tomorrow – Reforms for Lasting Prosperity. – Winter 2023–24.
12. В 2024 году объем грузоперевозок по ТМТМ увеличился в 2,5 раза // Forbes.kz. – 2024.
13. Большие задачи Среднего коридора необходимо решить до 2027 года – правительство РК // Inbusiness.kz. – 2024.
14. Как Средний коридор превращается в главный транспортный проект Евразии // Petrocouncil.kz. – 11.06.2026.
15. Freedom Broker. Объем перевозок по ТМТМ через Казахстан за пять лет вырос в шесть раз // Kapital.kz. – 2026.