Дата публикации: 19.04.2022
Елемес А.Қ., Бахов Ж.К
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қ.
Мақалада Қазақстандағы топырақ эрозиясы мен деградациясы болу себептері,су және жел эрозиясының Қазақстандағы облыстар шалдыққан жерлердің ауданы корсетілген.Топырақ эрозиясына бейқам қарау, тек ауылшаруашылығына әсер етпей,әлеуметтік – экономикалық жағдайға әсер айтылған.
Кілттік сөздер: деградация,эрозия,дефляциялық,антропогендік.
Топырақтың деградация проблемалары ежелгі дәуірден басталады. Бұл, ең алдымен, ауыл шаруашылығының ішкі қайшылықты сипатына байланысты. "Топырақтың тозуы-бұл үнсіз процесс, бірақ адамзат үшін үлкен салдары бар. Зерттеулер көрсеткендей, планетаның барлық топырақтарының үштен бір бөлігі орташа немесе қатты деградацияға ұшырайды. Топырақтың қалыпты жағдайын сақтауға назар аудару және ұмтылу-бұл азық-түлік қауіпсіздігі мен адамзатты жеткілікті тамақтандыруға әкелетін жол"
Қазақстанның топырақ ресурстарының жай-күйі табиғи жағдайлармен, оларды ауыл шаруашылығында пайдалану сипатымен айқындалады, бұл топырақтың тозуына және шөлейттену процесінің күшеюіне алып келеді. Зерттеушілердің болжамдары бойынша ХХ ғасырдың басында 2 млрд га жуық топырақ ресурстары тозған, яғни топырақтың құнарлылығы, қасиеттері мен құрылымы нашарлаған. Деградацияның негізгі себептері табиғи факторлар, мысалы эрозия және антропогендік факторлар болып табылады.
Топыраққа антропогендік әсердің негізгі түрлеріне топырақты ұзақ уақыт пайдалану, пестицидтердің, минералды тыңайтқыштардың бақылаусыз енгізілуі және өнеркәсіп қалдықтарымен ластану жатады. Мұның бәрі топырақтың эрозия, сарқылу, ластану, шөлейттену сияқты экологиялық проблемаларына әкеледі. Топырақтың экологиялық проблемаларының салдары,тек топырақ құнарылығын түсіру ғана емес, күрделі әлеуметтік-экономикалық проблема болып табылады.
Топырақ деградацияны тудыратын негізгі себептерге мыналар жатады: ауылшаруашылығындағы ауыспалы егіс жүйесін сақтамау, жерге «жыртқыш» көзқарас және агрономиялық сауатсыздық.
Топырақ эрозиясы-топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы.Топырақ эрозиясы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи эрозия өте баяу жүреді және оның барысында топырақ құнарлылығы төмендемейді [1].
Табиғи топырақ эрозиясының екі түрі бар – жел мен су . Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады
Топырақтың жел эрозиясы-бұл желдің әсерінен топырақ қабатының толық немесе ішінара жойылуы. Жел эрозиясына негізінен құрғақ аймақтардың топырақтары ұшырайды және оның басым болуы республиканың көп бөлігінің жазық жер бедерімен, жиі қатты желдермен және топырақтың жеңіл механикалық құрамымен байланысты. Сондықтан мұндай жерлерді игеру өте жауапкершілікпен қарауды және кешенді қорғауды қажет етеді. Топырақтың жел эрозиясы әсіресе қызғылт, қоңыр және сұр-қоңыр топырақтардың таралу аймақтарында көп кездеседі[2]
У. Успанова атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, Қазақстанда 70 млн гектардан астам жер немесе ел аумағының 26% - ы эрозияға шалдыққан. Оның ішінде 52 млн гектардан астам жер жел эрозиясына және 17 млн гектардан астам жер су эрозиясына бейім.
Дефляциялық қауіпті жерлердің болуы бойынша Солтүстік Қазақстанда мынадай облыстар бөлінеді: Қостанай – 10543 мың га, Ақтөбе - 5085 мың га, Павлодар – 4650 мың га, бұл жерлердің 60-90% – ы жыртуға жарамды, жеңіл және карбонатты топырақ. Дефляциялық қауіпті жерлердің саны оңтүстік облыстарда да жоғары: Қызылорда облысында - 8271,2 мың га, Атырау облысында – 4704,3 мың га, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3192,6 мың га, Алматы облысында-5736 мың га (кесте. 1). Бұл облыстарда құмды алқаптар (Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш маңы, Арал маңы және т.б.) жайылымдық дигрессия нәтижесінде үрленеді. [3]
Эрозияның көбеюіне антропогендік факторлар үлкен әсер етеді. Агротехникалық шараларды дұрыс қолданбау, малды реттелмеген жаю, өсімдіктерді шектен тыс алу табиғи эрозиялық процестерді белсендіреді. Нәтижесінде табиғи эрозия антропогендік сипатқа ие болады.
1 кесте Эрозиялық және дефляциялық қауіпті жерлердің ауданы га
Облыстар
|
Эрозия қауіпті аймақ ауданы
|
Жел эрозиясы
|
Су эрозиясы
|
Актобе облысы
|
5468,1
|
5085,0
|
383,1
|
Алматы облысы
|
8875,8
|
5736,3
|
3139,5
|
Атырау және Маңғыстау облысы
|
4704,3
|
4704,3
|
0
|
Шыіыс Қазақстан облысы
|
5820,1
|
2754,9
|
3065,2
|
Жамбыл облысы
|
4572,9
|
2513,8
|
2059,1
|
Батыс Қазақстан облысы
|
2561,0
|
2144,0
|
417,0
|
Қарағанды облысы
|
2058,5
|
1901,5
|
157,0
|
Қызылорда облысы
|
8271,2
|
8271,2
|
0
|
Қостанай облысы
|
14 423,2
|
10 543,2
|
3880,0
|
Павлодар облысы
|
5468,9
|
4649,9
|
819,0
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
2699,2
|
959,9
|
1739,3
|
Түркістан облысы
|
5200,5
|
3192,6
|
2007,9
|
Барлығы
|
170 124
|
152 457
|
131 528
|
Су эрозиясы-бұл жер үсті су ағындарының әсерінен топырақ жамылғысының бұзылуы. Жаңбырдан кейін немесе қар еріген кезде су ағындарының топыраққа сіңіп үлгермейді, органикалық және минералды заттар жерден алынады, бұл құнарлылықтың төмендеуіне әкеледі. Су ағындары салдарынана шұңқырларды, терең жарлар пайда болады, олар егістік алқаптарын азайтады, дала жұмыстарын жүргізуге қолайсыздық тудырады. [4]
Су эрозиясына қатысты қауіпті жерлердің болуы бойынша Жамбыл – 2059,1 мың га, бұрынғы Семей – 2610,6 мың га, Түркістан – 2007,9 мың га, Қостанай – 2130,0 мың га, Алматы – 3139,5 мың га облыстарға бөлінеді. Бұл жер санатына Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс таулы аудандарын жатқызуға болады
Эрозия топырақ жамылғысының жағдайына теріс әсер етеді, өсімдіктердің биологиялық өнімділігі нашарлайды, егін азаяды, құнарлы топырақ жойылады. Тың және тыңайған жерлерді көп жылдық жырту кезеңінде топырақ қарашірігінің құрамы үштен бірге азайтады (5-20 %), 0-25 см құнарлы қабат қайтарымсыз жоғалды, ал 4,3 млрд тонна қарашірік қорының 1,2 млрд тоннасы су және топырақ эрозиясына байланысты жоғалды. [5]
Қорытындылай келе,Қазақстандағы топырақ эрозиясы мәселесі жылдан жылға өсуде. . Топырақ эрозиясының алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
1.Клебанович Н. В. Почвы и земельные ресурсы Казахстана. Учеб. материалы для студентов спец. 1–56 02 02 «Геоинформационные си- стемы». Клебанович Н. В., Ефимова И. А., Прокопович С. Н. Минск. БГУ. 2016. 46 с.
2.Валиханова А. и др. (Валиханова А., Белый А., Павличенко Л., Ни В., Достай Ж., Таланов Е., Чигаркин А., Куатбаева Г.). Тематический обзор: опустынивание/деградация земель. Астана, 2005.
3. Национальный доклад о состоянии окружающей среды и об исполь- зовании природных ресурсов Республики Казахстан за 2018 год
4.Крылова В.С. Проблема деградации почвенно-растительного по- крова Атырауской области в ландшафтах сельскохозяйственного использования. Вестник КазНТУ. Алматы, 2010.
5.Кененбаев С.Б., Иорганский А.И. Проблемы и приоритетные направления исследований в земледелии Казахстана. Проблемы агрохимии и экологии