Звоните на номер:

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ МЕН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ

Ақиқат Моли
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
 
Аннотация. Мақалада  инвестициялардың Қазақстан экономикасындағы қозғаушы күш ретіндегі қызметі, олардың тиімділігін арттыру жолдары және мемлекеттік саясаттың рөлі жан-жақты талданады. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мен өсуін қамтамасыз етудегі инвестициялардың маңызы. Ішкі және сыртқы инвестициялар, тікелей және портфельдік инвестициялар, олардың экономикаға ықпалы. Инвестициялардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, инфрақұрылым және қызмет көрсету салаларындағы үлесі.
Кілт сөздер: Инвестициялар, қаржылық инвистиция, инвесторлар, потрфельдік инвестииция.
Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзегс асыруға бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке бет алыспен келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан көрінуде.
Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды роль атқарады және оның мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі сонғы  жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.
Қазақстанда шетелдік иинестицияны тартуды мақсатты түрде басшылыққа ала отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерді еске алу керек:
  1. Қазақстанның табиғат ресурстарына байлығы. Қазақстан территориясы Еуропа мен Азияның түйіскен жеріндсгі сгратегиялық маңызды жерге орналасқан және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуге мүмкіндігі мол.
  2. Қазақстанда оқымыстылар, техниктер, маманданған және жартылай маманданған жұмысшыларды қосқанда адам ресурстарының жақсы білімді және әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір айтылғап факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және ескере білу керек:
  1. Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді мұхиттын сауда флотына жақын орналаспаған ;
  2. табиғат ресурсы өндірілген пайдалы қазбаны өндеуге, тазалауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу қажет.
  3. Шетелдік инвестиция халық шаруашылығының барлық бөліктерінде қажет, нақты айтқанда мүнай зерттеу мен өндіру, өндеуге, метал өндеуге және телеқатынастың жердегі және әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібінде, өнеркәсіп тауарларын өндіруде халық тұтынатын тауарларға және бөлшек саудаға.
Тікелей шетелдік инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналарымен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланға, ноу-хау, басқарудың алдынғы қатардағы әдістері, және маркетингті (өндірісті сұранысты қанағаттандыруға бейімдеу) дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтау керек.
Шетелдік қызметінің зор тиімділігін ынталандыра отырып, тәуекелінің толық ақталуы жобаларының жетістікке жеткізу инвесторлардың өздеріне жүктеледі. Қорытындысында өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперацияның тығыз байланысы қалыптасуының нәтижесінде тікелеи шетелдік инвестиция ұлттық экономика мен дүние жүзілік шаруашылықтың өте тиімді байланысуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда біріккен   кәсіпорын   ашу   процесі өте тез жүріп жатыр[1] .
Шетелдік капиталдың құйылуын көбейту үшін біздің елімізде бірінші кезекте жақсы дамыған инфрақұрылым және коммуникация (қатынас) қажет. Сондықтан Республика Үкіметі Қазақстаның дамуына ресми көмек ретінде келіп жатқан шетелдік капиталды қазіргі кезенде тарту мен тиімді пайдалануға көп көңіл бөліп отыр. Бұның шеңберінде Қазақстан көптеген Халықаралық қаржы ұйымдарымен қаржылық қарым-қатынасты дамытып отыр.
Жалпы алғанда соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына шетелдік инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тура инвестиция — 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 проценті мүнай газ комплексі, 29,7 проценті металлургияға.
Инвестиция бөлуіпі елдер арасында инвестициядан жетекіпі АҚШ (50,5 %). Сонда да болса соңғы жылда Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Жапон елдері инвесторларының іс- әрекеттері (талпыныстары) әжептеуір өсті. Болжап есептеуге қарағанда жыл сайынғы Казақстанның шетелдік инвестицияны   жалпы   қажетсінуі   4-6 млрд.   АҚШ доллары көлемінде. 2000 жылы шетелдік капиталды тарату,  4,3 млрд.доллар деп болжанған оның ішінде тура иниестиция 7,1 проценті, және 24 проценті несиелік.
Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі рынокта Біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысыныц 16 процентін құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының  шикізаттық салаларына бірінніі кезекте таукен өнеркәсібі және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.
Тау кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен орынында ашылған алтын мышякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма «Минпрон-Чилевич» және НАК «Алтын Алмас». Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн. АҚШ доллары. Ол 30 жылға
аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары көлемінде таза табыс алынады  деп күтілуде, оның 230 млн. доллары мемлекетке беріледі, ал  НАК "Алтын Алмас" үлесі сыбағасы 490 млн. АҚІІІ доллары.                                                    
Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен өндіруде қызмет атқарып жатыр. Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды. Қазақстан мұнайгаз ресурстарына, өте мол мүнайгаз кен орыны Карашығанақ туралы өнімді бөлу келісім  шартына кол қойылып бекітілгеннен кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге болады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру пропесіне шетелдік инвесторлар қатысуы туралы бекітілген ережеге сәйкес республикада шетелдік инвесторлар жекешелендіру процессінің барлық түрлеріне қатысуына болады. Нақты айтқанда жекешеледіруге  қатысатындары:
  1. өзінің  жобаларымен;
  2. жалпы көпшілік жекешелендіруге;
  3. кіші жекешелендіруге.                                                            
Өндіріс бөлігіндегі қызметтің артуы (Қазақстан кәсіпорындарының акциясын алу) шетелдік компаниялардың саясатында өнім өткізу рыногын қолға алудағы жаңа бағытты (ағымды) көрсетеді.
Әлемдік экономикалық жүиенің  интеграциясы (экономикалық одақтың құрылуы) шетелдік инвестиция құқықтық жағдайын жасамай мүмкін емес,   бұл біркелкі салық және тарифтік белгіленген баға нарық көрсеткіш жүйесі шетелдік серіктердің талабына, қажеттілігіне сәйкес келетін және ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвестицияны республика экономикасына тарту болашақ   мақсатқа   жақсы үйлестіріп  нақты белгілеусіз орындаллмайды.
Еліміздің инвестициялық климатын бағалаудың басты бір жағы оның заңдарды талдау болып саналады. Экономикалық реформаның даму дәрежесіне сәйкес оның зандық қоймасы одан әрі жетілдіріліп тұруы қажет[2].
Заң шетел инвестициясына әртүрлі кепілдіктер береді, олар нақты айтқанда ұлттықтандыру (мемлекет меншігіне айналдыру) мен еріксіз тартып алу, мемлекеттік мекемелер мен билік иесінің заңсыз әрекеттерінен кепілдік, саяси жағдайдың өзгерісінен кепілдік және т.б. кепілдіктер.
Сонымен шетел инвестициясы мемлекет иелігіне және еріксіз шартын алу тек қоғамдық мүддеге байланысты болмаса, басқа барлық жағдайда болмайды (жүзеге асырылмайды). Егер мұндай жағдай болып қалғанда шетел инвестициясын тез арада тепе-тең және тиімді дәрежеде олардың шығынын өтеп беру орындалады.
Шетелдік инвесторлар инвестиция жұмысы басталғаннан 10 жыл бойына Заң өзгерістерінен кепілдік берілді. Мемлекет кез келген жағдайға байланысты, сонығ ішінде соғыс жағдайы, үкімет ауысуы немесе мемлекеттік құрылымның өзгеруінде халықаралық қазы шешіміне бағынып, инвестор алдындағы барлық мүліктік, заттың міндеттемелерін орындайды.
            Қазір көптеген елдер арасында қосарлы салықты болдырмау туралы үкімет аралық келісімдерге қол қойылды. Солай болса да іс жүзінде жаңа заңға сәйкес экономиканың нақты секторында Қазақстан үшін алынған инвестициялар үшін салықтың жеңілдіктерін шетел инвесторларына Парламент немесе Президент бере алады .Қазақстан аумағында шетелдік инвестиция ұлттық инвесторлар үшін барлық рұқсат етілген ұйымдық құқықтық нысанда шетел инвесторының толығымен тиесілі біріккен кәсіпорында, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асырылады.
  Бұл жағдайда осы кәсіпорындарды тіркеу республика занды түлғалары үшін белгіленген жалпы ереже бойынша жүргізіледі.
Республика жүргізілген мемлекет иелігінен айыру саясаты жаңа "Шетел инвесторлары туралы" заңда толық ашылған. Шетел инвестициясы мемлекеттік кәсіпорындарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жекешелендіруге қатыса алады. Шетел инвестициясына, шетелдік қатысатын кәсіпорынға мүлікті жалға беруші жалға беру шарты бойынша жүргізіледі.
Шетел инвестициясына қосымша кепілдікті заңдық қорғаумен қатар үкімет аралық екі жақты шетел инвестициясын ыталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер жасалады. Қазақстан үкіметі Егемендік алған уақытта 18 елмен осындай шарт жасады.Бұл: АҚШ, Англия, Египет, Туркия, Франңия, Швейцария және басқалар. Қазіргі уақытта 20 елмен Келісім жобалары талқылану үстінде.
Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты-ұлттық экономиканы жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы оң сипаттай отыра негізгі несиеор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн. Келісім-шарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды. Берілген несиетік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.
Бұдан басқа нашар дамыған елдерге шетел капиталының жұмсалуы әдетте онша жақсы нәтиже бермейді, кей жағдайда жағымсыз салдарға алып келеді. Мысалы, нашар дамыған елдерде қонақ үймен құрылыс кешендерін салуда елдің ұтатын, бірақ артықшылығы салынған қонақ үйінде тұрғындардың белгілі бір бөлігі жұмысқа орналасады, алайда бұл адамдар ең ауыр және қолайсыз жұмыстарды істейді, ал қомақты жұмыс орындарында әрдайым шетелдіктер істейді. Сондықтан, бүкіл жалақының мардымсыз бөлігі ғана елде қалады. Сонымен катар қонақ үйін салуда барлық қажетті құрылыс материалын ғана емес, сондай-ақ жиһаз, тіпті шетелдік туристерді тамактандыру үшін қажетті азық-түліктерде сырттан әкелінеді, ал бүкіл пайда шет елге аударылады.
Біріккен кәсіпорын құру кезінде койылған мақсаттардың бірі Қазақстан кәсіпорынның жаңа технологияны, "Ноу-Хау-ды" алу, саланың жалпы техникалық деңгейін көтеру болатын, алайда жүре келе бұл мақсат ұмтылады, мысалы, негізгі міндет ретінде тек :мұнай өндіру қалады. Қазіргі уақытта бірде бір бірлескен кәсіпорын кен орындарын терең зерттеу, мұнай қайтарымының ең жоғарғы коэфициентінің және өндірілген өнімді толық пайдалануды қамтамасыз ететін технологиялық схемаларды әзірлеу туралы жұмыстарды орындамайды. Жер қойнауы саласында Біріккен кәсіпорындарды құруда қазақстандық қатысушылар тәжірибесіздігінен осы біріккен кәсіпорын қызметін қиындататын, ал кейбір жағдайда тоқтауына алып келетін кемшіліктерге жол берді[3].
Сондықтан, инвестиция саясатын жүзеге асыруда ұлттық мүддені жан- жақты ескеру қажет. Мұндай мүдделерді іске асыруда бірінші кезекте республика экономикасына тартылған капитал көлемі ықпал етуі мүмкін. Олардың жиынтық саны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін белгілі көлемнен аспауы тиіс. Қазақстан эконкомикасына шетел инвестициясын  тартуды ынталандыру максатына шетел инвесторлары үшін түсінікті ұзақ мерзімді саясатқа негізделген жаңа іскерлік, ақуалдық жасау үіпін Республика Үкіметі үлкен күш жігер жұмсауда
Артықшылық ретінде мыналарға бағытталған жобалар танылады:
  1. өнімдердің дәстүрлі экспорттың түрлерін шығаратын өнеркәсіптің базалық салалары өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат прокаты, ақ қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және т.б.);
  2. металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретің мұнай құбырлары өндірісін құру;
  3. өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауылшаруашылық машиналары, тау-кен көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар, көмір қышқылы негізіндегі композициялық материалдар, полиэтилен, және полипропилен, бастапкы алюмин және т.б.);
  4. күрделі ғылыми мәнді өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды шығаратын өндірісті құру (телевизор, магнитафон, тоназытқыш, улы газды тоқтатқыш, сирек металдар негізіндегі бұйымдар және т.б.).
 Өнеркәсіп қалдықтарын тереңірек ұқсататын өндірістің экологиялық мақсатын шешу. Шетел несиеі үшін министрлік ұсынған артықшылықты тізбеге 206 жоба кіреді. Ол жоба бойынша бөлінген және инвесторларға, жобаға, несиеке мұқтаждық жобаны енгізу мерзімі, техникалық экономикалық негізделе, қаржыландыру ерекшеліктері, шетелдік әріптердің саны туралы қысқаша ақпарат береді.
 Соңғы жылда Министрліктін шетелдік серіктермен жұмысы керсеткендей, іскерлік қатынас Германия, Турция, Жапония, АҚШ, Финляндия фирмалары мен банктерімен қалыптасты. Италия, Франция, Австрия, Англия; ІПвеция, Канада және баска елдердегі серіктестер  мен достық қарым-қатынас дамып, нығайтып келеді.
  Бүгінде республикада экономикалық достық қарым-қатынасы көлемді түрде өзара тиімді дамытуға және нығайтуға қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Оның негізгі түбірі Қазақстанның шетелдік инвестицияны тарту болашағына сеніммен қарау.
  Кешенді инвестициялық қызмет – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тұрақтандыру мен болашақ өркендеу мүмкіндігін айқындайтын шешуші фактор. Сондықтан “Қазақстан – 2030” стратегиясында белгіленген ұзақ мерзімді көздейтін негізгі басымдықтардың бірі ретінде инвестициялар мен ішкі қорларды барынша мол пайдаланатын жариялы экономика негізінде өсу мен өркендеу нақты, дәйекті және өскелең қарқынына жету белгіленген. Экономистердің пікірі бойынша, көптеген елдердің экономикалық дамуының статистикалық мәліметтеріне жасалған талдау жалпы ішкі өнім өсуінің жылдыққарқыны инвестиция көлеміне тікелей байланысты болатынын көрсетеді. Мәселен, жалпы өнімді 5 %-ға арттыру үшін күрделі қаржы жұмсалымы 6 %-ға өсуі керек. Бұдан туатын қорытынды: жалпы экономиканы көтерудің тетігі – инвестициялар көлемін ұлғайтпағанша, Қазақстан одан әрі гүлдене береді деп дәмелену бос әурешілік.
 Инвестициялық процестер ұзақ мерзімді, перспективалы әлеуметтік-экономикалық міндеттермен тікелей байланысты.
 Инвестициялық процесс қоғамның экономикалық жүйесінің қосалқы элементі болғандықтан, оның өзіне де жүйелік сипат тән. Ал осы көп қырлы, күрделі инвестициялық жүйенің өзін элеуметтік тұрғыдан талдау пәнаралық тәсілмен әлеуметтік-экономикалық, жүйелік талдауды қажет етеді[5].
 Инвестициялық процесті әлеуметтік жүйе ретінде қарастырғанда осы процестің қоғамның әлеуметтік құрылымының барлық элементтеріне бірдей әсер етіп, одан әрі дамуына жағдай жасалады. Инвестициялар, мемлекеттік бюджет, әр түрлі қорлар, арнайы салымдар арқылы инфрақұрылымды дамытып, еңбек ақының, кірістің өсуіне, білімнің тереңдеп, денсаулықтың жақсаруына, сөйтіп қзіргі жаһандану процесінде соған ілесе алатындай бәсеке қабілетті адам капиталын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл инвестицилық процесті, оның бардық деңгейлері мен сатыларында уақыттық, кеңістік, салалық, фунционалдық белгілері бойынша әлеуметтік жүйе ретінде кешенді түрде қарастыруға, микро және макро деңгейлерде инвестициялық процестің қайшылықтар жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.
        Жүйелік әлеуметтік-экономикалық инвестициялық талдау шеңберінде мындай қосалқы жүйелерді, әдістерді және оларды зерттеуге арналған үлгілерді бөліп алуға болады:
  1. Инвестициялық қызметтің қоғамдық мәнділігімен алдымен халықаралық еңбек бөлінісінің аясында және де қазақстандық инвестициялық процестің әлеуметтік тиімділігі ретінде пайымдаудың әлеуметтік әдістерін талдау (соның ішінде-салыстыру), құрамалау;
  2. Халықтың инвестициялық нитін талдауға арналған әлеуметтік әдістер (сауалнама және контент-талдау);
  3. Әлеуметтік психологиялық әдістер;
  4. Экономикалық әдістер (кешенді экономикалық талдау, қаржылық талдау, сұраныс пен ұсынысты талдау, тағы да басқалар.);
  5. Сұраныс пен ұсынысты, инвестициялардың тиімділігін талдауға қолданылатын математикалық әдістер. Бұл математикалық статистика әдістері (кластерлік әдіс, факторлық талдау, басты компоненттер әдісі);
  6. Әлеуметтік-экономикалық әдістер (Дж. Соростың қор нарығын бағалаудың теориясы мен үлгісі);
 Сонымен, инвестициялық қызметті талдауға жүйелік тұрғыдан келу оның барлық элементтерінің өзара байланысын ескеруді, макро және микро деңгейде қолданылатын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдалануды, әр түрлі факторлардың көрсеткіштерге, олардың арасындағы өзара баланысқа әсерін анықтауды білдіреді. Нәтижесінде инвестициялық қызметтің өзі және гның нәтижелері неге байланысты болатыны анықталады.
Қаржылық инвестициялардың есебі  «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған: «Акциялар», «Облигациялар», «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялар түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
«Акциялар» шотында кәсіпорынның басқа ұйымдардың, банктердің және т.б. акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция – акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынып, одан табыстың дивидендтер түрінде бір бөлігін алу құқын беретін қағаз.
«Облигациялар» шотында мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы мен құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация – белгіленген нақты құны бар, процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; нақты құны, егер қарастырылған болса проценттік мөлшері; өтеу және проценттерді төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен номері, эмитенттің өкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілері. Облигациялардың міндетті реквизиті, шығарылуына себепкер болған тауарды (қызметтерді) көрсету болып табылады. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды. Эмитенттер облигацияны шығарған кезде, онда олар оның номиналдық құнын, сыйақысын, шегерімін ескереді[6].
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік:
  1. Номиналдық құн бойынша шығарылған облигациялар.
Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын, әр қайсысын мың теңгеден, мың дана облигациясын сатып алды дейік. Бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20 % төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардың құнына:
Дт 1130 «Облигациялар»     Кт  1040 «Жолдағы ақша»   1 000 теңге.
Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы:
1 000 х 20  % = 200 000 теңге немес айына 16 667 теңгені құрайды. Есептелген проценттердің сомасына ай сайын  Дт 1270 Кт 6110  16 667 теңгеге бухгалтерлік жазбасы жазылып отырады. Әрбір үш ай сайын облигация эмитенті шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттерді төлеп отырады: ол кезде Дт 1030  Кт 1270  50 001 (16 667 х 3) проводкасы жазылады.
   Облигациялардың жабылу мерзімі кезінде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарылады: ол кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:
Дт 7410  Кт 1130   1 000 000 тг.
Дт 2180  Кт 6210   1 000 000 тг.
Дт 1060  Кт 2180   1 000 000 тг.
  1. Сыйақысы қосылып есептелген облигациялар.
Эмитент 1 000 000 теңге сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық 25 % -ік міндетті түрде төлем жасап отырған облигацияның нарықтық құны хабарланған номиналдан 3 % артық, немесе 1 030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен, оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%  ) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі жөнінде хабарланған болатын.
   Облигациялардың номиналдық құнына қосылған сыйақының сомасы (1 000 000 + 1 000 х 3 : 100) х 100 = 1 030 000 теңге: ол кезде 6010 шоты дебеттеліп, 1040 шоты 1 030 000 теңгеге несиетелінеді.
   Облигациялар бойынша проценттік ай сайынғы сомасына (1 000 000 : 100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 теңге) 1270 шоты дебеттеледі де, 6120 шоты 20 833 теңгеге несиетелінеді.
   Эмитент әрбір жарты жыл сайын облигациялар бойынша түсетін табысты төлейді (20 833 х 61 = 124 998 теңге), онда 1040 шоты дебеттеледі де, 1270 шоты 124 998 теңгеге несиетелінеді.
   Табысты есептеудің әрбір кезінде, ай сайынғы сатып алу мен номиналдық құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге) есептен шығарылады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған. Ол кезде 7470 шоты дебеттеліп, 1130 шоты – 1 250 теңгеге несиелінеді.
   Облигацияның жабылу кезеңі кезінде эмитент инвесторға, оның номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 7410 шоты дебеттеліп 1130 шоты 1 000 000 теңгеге несиетелінеді және бірден сол кезде тағы да бухгалтерлік есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 2160  Кт 6210 және Дт 1060  кт 2180.
   Кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған 50 000 теңге табыс алады, мұның ішінде 30 000 теңге сомасындағы сыйақы шегерілімі жасалынады.
  Инвестициялық қызметті жүйелік әлеуметтік-экономикалық талдау үшін қолдануға ұсынылатын әдістердің қатарында фокус топтардың әлеуметтанушылық әдіспен көбінесе әлеуметтік міндеттерді шешуге қолданылатын әлеуметтік-психологиялық әдс те бар. Дегенмен осынау сапалық әдісті қолданудың нәтижелері ұсыныстар әзірлеуге әрдайым пайдаланыла бермейді, өйткені олар әуелі сандық әдістермен расталуы керек. Жекелей алғанда, бұл әдіс инвесторлардың Қазақстан аумағындағы жобаларға өз активтерін салуға не себепті енжар қарайтынын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
  Экономикаға тартылған инвестициялардың ауқымы мен сапасы, олардың түсу қарқыны инвестициялық деп аталатын әлеуметтік-экономикалық ұғыммен біріктірілген факторлар кешеніне байланысты, ал бұл ұғым инвесторлардың өздері салған капиталына сай табыс алып, дәйекті жоспарлы бизнес жүргізуіне мүмкіндік беретін материалдық-заттық және институционалдық жағдайлар кешенін, инвестициялық ахуалды білдіреді. Инвестициялық ахуал нарықтық реформалардың кемелділігіне, әлемдік капиталдың елдегі жағдайға деген өлшем болады. Инвестициялық ахуалдың жайлылығын анықтау шарттары жергілікті нарықтың сипаты, елдің географиялық орналасуы, мемлекеттің макроэкономикалық және сауда саясаты, пайда алудың мүмкіндіктері, нарыққа кіру мүмкіндігі, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, еңбектің сапасы мен құны, инфрақұрылымның сапасы, өндірістің даму деңгейі және тағы да басқа факторларды қамтиды. Осы факторлар, атап айтқанда: пайдалы кендердің бай қоры, ұлан-байтақ ауылшаруашылық жерлерді, білікті кадрлар жасағы, сондай-ақ елеулі өнеркәсіп әулеті, қолайлы құқықтық нормалар Қазақстан Республикасында жеткілікті.
ТМД мен Балтика елдері арасында Ресейден кейін осындай рейтинг алған екінші мемлекет – Қазақстан. Бұл елеулі жетістік екені сөзсіз, өйткені рейтингтік көрсеткіштері Қазақстанның борышкерлік құралының өтімділігін көрсетеді және ұлттық нарығымызға инвстициялардың түсуін жеделдетеді.Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың үлесі Орталық Азияға салынған тікелей инвестициялардың жалпы көлемінің 80 %-дан астамын және бұрынғы комунистік одақ мемлекеттеріндегі инвестицияларың 7,1 %-ын құрады. Шығыс Европа мен ТМД елдері арасында Қазақстан жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі бойынша Венгриядан кейінгі бесінші орын алды[7].
   Шетелдік компаниялардың, фирмалардың көптеген өкілдері, жеке бизнесмендер қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалайды. Оның аса бай табиғи ресурстарына, аграрлық және өнеркәсіптік потенциалына, білікті мамандар жасағына және әрі сауатты, әріарзан жұмысшы күшіне, ыңғайлы геосаяси жағдайына қоса саяси ахуал мен халықаралық қатынастарының тұрақтылығы айрықша аталады.
Инвестиция тартуды басым стратегиялық міндет деп жарияланған Қазақстан әлемдік шаруашылыққа интеграциялану мен жариялы экономикаға көшу үшін   өркениетті заңнамалық база жасауға қажетті іс-шараларды дәйектілікпен жүзеге асыруда. “Шетелдік инвестициялар туралы”, “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңдар қабылданды. Сондай-ақ инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау жайындағы бірсыпыра үкіметаралық келісімдер жасалды. Сөйтіп, өзінің инвестициялық саясатының бастапқы кезеңінде Қазақстан инвестордарға қолайлы жағдай жасау бағытын ұстанды. Осыған орай Қазақстан экономикасындағы инвестициялардың үлесі көптеген ТМД елдерінен көбірек, атап айтсақ, Ресейге қарағанда үш есе артық.
Инвестициялау саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатын қоғамдық әл-ауқатты жақсарту, тұрмыстың сапасы мен деңгейін көтеру, еңбек потенциалын тиімді арттыру мақсатымен инвестициялық қызметті жандандыру үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі мемлекет іске асырып жатқан нысаналы шарадаржың кешені деп түсіну керек.
 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
 
  1. Бочаров В.Б. Финансово-несиеные методы регулирования рынка инвестиций. – М.: Финансы и статистика, 2019.
  2. Камшыбаев Р., Марчевский В. Иностранные инвестиции и интересы Республики // Мысль, 2018, № 3.
  3. Дыбов А.М.  Экономическое обоснование инвестиций. – Ижевск Удмуртский универсситет, 2023 г.
  4. Норткотт Д. Принятие инвестиционных решений.–Москва: ЮНИТИ – 2023 г.
  5. Шуптыбаева К.Б. Оценка инвестиционных проектов. – Атырау: Атырауский гос.университет, 2024 г.
  6. Текенов У.А. О системе взаимоотношений иностранных инвесторов, республиканских и местных органов управления в инвестиционной сфере регионов. Казахстан: Спектр, 2023 г.
  7. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ / ҚР Статистика жөніндегі агенттігі. Алматы, 2024 ж.

 

 

 

 

Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
010000

Казахстан, г. Астана