Звоните на номер:

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАХЕОМЕТРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУМЕН ШЕКАРАЛАРДЫ МЕЖЕЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАХЕОМЕТРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУМЕН ШЕКАРАЛАРДЫ МЕЖЕЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ
 
 
Қалихан Еркежан Шарипханқызы
2 курс магистранты
«Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Ғылыми жетекші: т.ғ.д. профессор Ипалаков Т.Т.
 
 
Аңдатпа. Бұл мақала электронды тахеометрлерді қолдана отырып, шекараларды межелеу кезінде геодезиялық жұмыстарды өндіру технологиясын зерттеуге арналған. Жұмыста жер өлшемдерін дәлірек және тиімді орындау үшін заманауи құралдар мен әдістерді қолдану қарастырылады. Электрондық тахеометрлермен жұмыс процесін, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін сипаттауға баса назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде шекараларды межелеу кезінде геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін электрондық тахеометрлерді пайдаланудың жоғары тиімділігі туралы қорытынды жасалады.
Түйінді сөздер: геодезиялық жұмыстар, шекараларды межелеу, электрондық тахеометр, топографиялық-геодезиялық жұмыстар.
Кіріспе. Электронды тахеометр – геодезия мен құрылыс жұмыстарында көлденең және тік бұрышты өлшеу үшін қолданылатын құрал. Тахеометр теодолит (бұрыштарды өлшеу құралы) және қашықтықты өлшеуден тұрады.
Электронды тахеометр өлшеу жұмыстары жүргізу кезінде салыстырмалы түрде аз уақыт мөлшері және нақты өлшеу үшін қолданылады. Қазіргі заманғы электронды тахеометрлерде деректерді автоматты түрде өлшеу және жазу функциялары енгізілуі мүмкін, бұл оларды құрылыс алаңдарында және геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде қолдануға ыңғайлы және тиімді етеді[2].
Мақсаты: Электрондық тахеометрді пайдалана отырып, шекараларды межелеу кезіндегі геодезиялық жұмыстарды өндіру технологияларын зерттеу.
Міндеті:
 1.  электрондық тахеометрді пайдалана отырып, шекараларды межелеу кезінде геодезиялық жұмыстарды өндіру технологиясының теориялық аспектілерін талдау.
2.  жерді межелеу кезіндегі электронды тахеометрмен дәлдікті қамтамасыз ету.
Зерттеу кезінде электронды тахеометрлерді пайдаланып шекараларды межелеу кезінде геодезиялық жұмыстарды жүргізу технологиясы бірнеше негізгі кезеңдер мен аспектілерді қамтиды, олар жұмыстардың дәлдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Осы процестегі негізгі кезеңдер мен қолданылатын технологияларды қарастырайық.
  1. Дайындық кезеңі – бұл кезеңде келесі алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізіледі;
  2. Жабдықты таңдау және калибрлеу – бұл өлшемдердің дәлділігін қамтамасыз еті үшін аспапты калибрлеу қажет;
  3. Далалық жұмыстарды жүргізу – реперлік нүктелерді тахеометрге бекңту, жер учаскесінің шекарасының негізгі нүктелеріне дейінгі бұрыштар мен қашықтықтарды өлшеу;
  4. Деректерді өңдеу – алған мәліметтерді өңдеу;
  5. Межелеу жоспарын жасау – шекараардың сызбалары мен схемаларын сызу, мәтіндік бөлу;
  6. Бекіту және тіркеу – шер учаскесін бекітіп және тіркеу.
Электронды тахеометрлерді шекараларды межелеу кезінде пайдаланудың бірнеше айтарлықтай артықшылықтары бар:
  1. Өлшеулердің жоғары дәлдігі: қазіргі заманғы электронды тахеометрлер бұрыштық және сызықтық өлшеулердің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.
  2. Тиімділік және жылдамдық: өлшеулерді автоматтандыру және деректерді өңдеу межелеу процесін едәуір жылдамдатады.
  3. Деректердің қауіпсіздігі: цифрлық деректерді тіркеу қателер мен ақпараттың жоғалу қаупін азайтады.
  4. Пайдаланудың ыңғайлылығы: қазіргі заманғы тахеометрлерде түсінікті интерфейстер мен әртүрлі геодезиялық тапсырмаларға арналған кірістірілген функциялар бар.
Шекараларды межелеу кезінде электрондық тахеометрдің координаттарын анықтаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін Абай облысының Гранит ауылы аумақтарында далалық жағдайларда зерттеу жүргізілді. Дала жұмыстары кезінде GPS және электронды тахеометр сияқты құрылғылар қолданылды. Бекітілген тірек шекаралық нүктелер ПП1,ПП2, ПП3 белгілі болды, одан әрі жұмыс істеу үшін бастапқы нүктенің координаты Т1 анықталды. Бірақ GPS қабылдағышымен және электронды тахеометрмен координаттарды анықтау кезінде айырмашылықтар болды. Электронды тахеометр мен GPS қабылдағышымен құралдарымен  есептелінңп алынған мәлңметтер  төмендегі кестеге қараса:
 
Кесте 1 - GPS құралымен алынған өлшеу
 
Нүктелер
Х1
У1
Н1
ПП1
113167,803
108421,547
25,948
ПП2
113203,509
18497,713
27,769
ПП3
113237,960
108569,696
29,158
Т1
113210,086
108511,769
28,086
 
 
Кесте 2 - Электронды тахеометрмен алынған өлшеу
 
Нүктелер
Х2
У2
Н2
ПП1
113167,803
108421,547
25,948
ПП2
113203,509
18497,713
27,769
ПП3
113237,960
108569,696
29,158
Т1
113210,097
108511,764
28,142
 
Көріп тұрғанымыздай  бастапқы Т1 нүктенің координатасын анықтау барысында айырмашылықтар туындады. Х1 нүктесінің координатасы GPS және электронды тахеометрмен өлшенген мәліметімен салыстырсақ -0,011 ге, ал У1 нүктесінікі 0,005 гең ал биіктігі бойынша 0,056 айырмашылығы бар екенін көріп тұрмыз. Бұл мәндедің қайсысы шынайы екеніне көз жеткізу үшін, алынған мәліметтерді Gredo бағдарламасына салып есептеулер жүргізілді. Алынған нәтижеде, біз электронды тахеометрмен алынған мәндердің шынайы екеніне көз жеткіздік. Gredo бағдарламасымен алынған есептеу төмендегі 3 кестеде де көрсетілген:
 
 
Кесте 3 –Gredo бағдарламасымен есептеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алынған нәтижелерді салыстыратын болсақ, төмендегі 4 кесте:
Кесте 4 – Өлшемдерді салыстыру
 
GPS
Электронды тахеометр
Credo
Биіктік
28,086
28,142
28,141
Х нүктесінің координаты
113210,086
113210,097
113210,097
У нүктесінің координаты
108511,769
108511,764
108511,765
 
Credo бағдарламасымен есептелінген мәндердің шешімі, электронды тахеометрмен есептелінген мәндермен сәйкес екендігін көріп тұрмыз. Осылайша электронды тахеометрмен жоғары дәлділікке жететінімізге көз жеткіздік.
Қорытынды: Жер учаскесін межелеу шекараларды нақтылау, құқықтық қорғау, мемлекеттік реестрге тіркеу, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, құрылыс жоспарлау және құнын бағалау үшін қажет. Бұл көршілермен жер учаскесінің шекарасы бойынша  даулардың болдырмауға және бір жер иесінің екінші жер иесінің шекарасына өтіп кетпеуіне көмектеседі, меншік иесінің құқықтарын қорғайды, учаскені басқаруды жеңілдетеді және оның нарықтық құнын арттырады. Жер учаскесін межелеу кезінде тірек нүктелердің нақтылығы өте маңызды. Шекара нүктелерін байланыстыру дәлдігін арттыру үшін тірек геодезиялық желілер жасалады, бұл жұмыстарды орындау үшін жоғары ағынды құрылғы қажет. Шекараларды дұрыс анықтау жоғары дәлдіктегі электронды тахеометрлерді пайдалануды талап етеді. Участкені бөлу үшін шекараларды дәл анықтауға назар аудару керек, осыған байланысты біз TS02 электронды тахеометрі және GPS қабылдағышы сияқты құрылғылармен нүктелердің координаттарын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарынжүргіздік.
     GPS қабылдағышы және жердегі әдіспен ТS02 электронды тахеометр арқылы координаттарды анықтау кезінде біраз ауытқулармен анықталса, ал нүктелердің биіктік белгілерін анықтау кезінде 0.056 тең болды. Бұл 3-5 рұқсат етілген қателіктен асып кетті.
     Есептеулердің қайсысы дәлірек екенін анықтау үшін Credo бағдарламасымен есептеу жүргіздік. Бақылау ретінде биіктіктерді Credo бағдарламасы арқылы анықтау қолданылды, және алынған мәндер электронды тахеометрмен өлшеулерге жақын болды. Жұмыстың жүргізілу мақсаты, бұл жерді межелеу кезіндегі нақты мән қол жеткізі болып табылады. Бұл мақсатқа біз электронды тахеометр қолдана отыра қол жеткіздік.
 
 
 
Әдебиеттер тізімі:
 
1. Глухих М. А. Землеустройство с основами геодезии. Практикум. Учебное пособие для ВО, 1-е изд. – М.: Лань, 2020. – 136 с.
2. Дьяков Б. Н. Геодезия. Учебник, 1-е изд. – М.: Лань, 2020. – 296 с.
3. Дьяков Б. Н. Геодезия. Учебник. – М.: Лань, 2020. – 416 с.
4. Золотова Е. В., Скогорева Р. Н. Геодезия, кадастр с основами геоинформатики. Учебник для вузов. – М.: Академический Проект, 2020. – 532 с.
5. Кузнецов О. Ф. Инженерная геодезия. – М.: Инфра-Инженерия, 2020. – 268 с.
Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
M02E6B9

Казахстан, г. Караганда