Звоните на номер:

«БУРАБАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ АУМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ

Хамитова Мадина Кемелбековна
2  курс магистранты,
Айдосова С.С.,  б.ғ.д., профессор, Дурмекбаева Ш.Н., б.ғ.к., доцент Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
 
АННОТАЦИЯ
 
 Бұл мақалада «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі аумағындағы дәрілік өсімдіктердің түрлік құрамы зерттелді. Нәтижесінде зерттелген аумақтың флорасында дәрілік өсімдіктердің 41 тұқымдасы, 154 туысқа жататын 232 түрі анықталды. «Бурабай»  МҰТП аумағында кездесетін дәрілік өсімдіктерге экологиялық сараптама жасалып, ксерофиттердің 31 түрі, мезофиттердің  175 түрі, гигрофиттердің 17 түрі және гидрофиттердің 9 түрі кездесті.  Дәрілік өсімдіктердің тіршілік формалары жергілікті жағдайларға ұзақ бейімделу нәтижесін көрсететіндігі айқындалды. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі аумағындағы дәрілік өсімдіктердің түрлерінің тіршілік формаларына байланысты көпжылдық өсімдіктердің 144 түрі, біржылдық өсімдіктердің 29 түрі, екіжылдық өсімдіктердің  20 түрі , Жартылай бұталардың 8 түрі, ағаштың 11 түрі,  бұташықтың 2 түрі және  жартылай бұташықтың 1 түрі анықталды.
Мындаған жылдар бoйы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі eлдерде әрқалай және әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Дамыған елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинақталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фaрмакологияда синтeтикалық химияның дамуы көптеген демеулерді емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкeлді. Осының нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бaстады, яғни қызығушылық төмендеді.
Халық медицинада қолданылатын дәрілік өсімдіктерді зерттеу және емдік қасиеттерін анықтауда ғылыми медицинада әлі күнге дейін белгісіз болуда. Өнеркәсіпте дәрілік шикізаттың күннен- күнге керек болуына байланысты, олардың республика көлемінде өсетін жерлерін зерттеу және қорларын анықтау маңызды міндет болып отыр.
 Дәрілік өсімдітeрдің aдам организміне келіп түскеннeн соң, оған әсер ететін химиялық қосылыстар болады. Негізгі әрекет етуші химиялық қосылыстарға: алкалоидтар, гликoзидтер, кумариндер, эфир майлары, витаминдер жатады.  Қазіргі кезде өсімдіктерденалынған дәрілік препараттар 40% құрайды [1].
Алкалоидтар биологиялық активті заттар болып табылатын күрделі органикалық қосылыстар [2]. Медицинада морфин, эфедрин, атропин сияқты препараттар, алкалоидты шикізаттың ұнтақтары жүйке жүйесі және ішкі мүшелердің аурулары кезінде кеңінен қолданылады. К.В.Доброхотова, А.А.Писарев [3] болжамдары бойынша алкалоидтар гүлді өсімдіктердің құрамында көп мөлшерде кездеседі. Оның ішінде Ranunculaceae Juss. тұқымдасына жататын өсімдіктер алкалоидты қосылыстарға бай.
Витаминдер- адам организміне ең қажетті химиялық заттар. Витаминді препараттарда гиповитаминоз және авитаминоз кезінде қолданлады. Табиғи витаминді ресурстар ішінде және поливитаминді препараттар даярлау кезінде өте жоғары биологиялық активті болып итмұрын жемісі саналады [4].
Эфир майлы өсімдіктерді А.Ф. Демидовская 5 жыл бойы зеттеген. Күрделі гүлділер (Asteraceae), ерінгүлділер (Lamiaceae) және тағы басқа тұқымдастар эфир майының өсімдіктерінің ішінде ең бағалысы болып саналады. Эфир майының құрамынды бөлігі- терпен, одан таза түрде медицинада камфора, ментол, эвгенол, тимол алынады [5].
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты [6]. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады [7].
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты- «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) аумағының флорасында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлерін зерттеу.
«Бурабай» МҰТП флорасын көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Бұл мәселеге Г.Ж. Сұлтанғазинаның, А.Н. Куприянов, И.А. Хрусталева (2012-2014) [8], Хусаинов А.Т., Мемешов С.К., Дурмекбаева Ш. Н. және т.б. [9], ғалымдардың еңбектері арналған.
Жиналған гербарийдегі түрлерді анықтау және олардың конспектісін түзу үшін белгілі «Флора Казахстана» (1956-1966) [10], Н.В. Павловтың «Растительное сырье Казахстана» (1947) [11] еңбектері пайдаланылды.
Зерттелген аймақтан жиналған өсімдіктердің түрлері мен туыстарының латынша атауларын жазуда С.К. Черепановтың (1995ж.) еңбегіне сәйкес жүзеге асырылды [12].Ал өсімдіктердің орысша және қазақша атауларын жазуда С.А. Арыстанғалиевтің (2002) еңбегі пайдаланылды [13].
Зерттеу жұмыстың нәтижесінде Ақмола облысындағы «Бурабай» МҰТП аумағындағы дәрілік өсімдіктердің түрлік құрамы анықталды. Зерттелген аймақтың флорасында дәрілік өсімдіктердің 41 тұқымдасы, 154 туысқа жататын  232 түрі анықталды (1-кесте).
 
Кесте 1
«Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлік  құрамы

Тұқымдас атауы

Туыс саны

Түр саны

1

2

3

4

  1.  

Қоңырбастар (Астық)  – Poaceae Barnhart.–Мятликовые (Злаки)

9

14

  1.  

Алисмалылар - Alismataceae Vent. –Частуховое

1

2

  1.  

Айлаулықтар – Boraginaceae Juss. –Бурачниковые

3

3

  1.  

Алқалылар – Solanaceae Juss. –Пасленовые

2

2

  1.  

Алабұталар  - Chenoposidaceae Vent. –Маревые

3

4

  1.  

Бақажапырақтар – Plantaginaceae  Juss. –Подорожниковые

3

7

  1.  

Бұршақтар  – FabaceaeLindl.–Бобовые

10

20

  1.  

Валерианалар –ValerianaceaeBatsch. –Валериановые

1

1

  1.  

Елекшөптер – Junacaceae Juss. –Ситниковые

1

1

  1.  

Жуалар (Пияз) – Alliaceae J. Agardh –Луковые

1

2

  1.  

Жидектер – Elaeagnaceae Juss. –Лоховые

1

1

  1.  

Кермектер – Limoniaceae –Кермековые

1

1

  1.  

Крестгүлділер – Brassicаceae –Крестоцветные

17

19

  1.  

Көкгүлділер  – Gentinaceae Juss. –Горечавковые

1

1

  1.  

Көкбұталар – Ericaceae Juss. –Вересковые

4

4

  1.  

Күрделігүлділер – AsteraceaeDumort.–Астровые

25

45

  1.  

Қалампырлар – Caryophyllaceae –Гвоздичные

4

6

  1.  

Қарлығандар– Grossulariaceae DC. –Крыжовниковые

1

3

  1.  

Қайыңдар – Betulaceae S. F. Grey –Березовые

2

3

  1.  

Қалақайлар– Urticaceae Juss. –Крапивные

1

2

  1.  

Қазтамақтар – Geraniáceae Juss. –Гераниевые

2

4

  1.  

Құлқайырлар – Malvaceae –Мальвовые

3

3

  1.  

Құртқашаштар – Iridaceae Juss. –Касатиковые

1

1

  1.  

Қияқөлеңдер– Cyperaceae Juss. –Осоковые

2

2

  1.  

Қасқыршөптер – Asparagaceae –Спаржевые

1

1

  1.  

Құртқашаштар – Iridaceae Juss. –Касатиковых

 

 

  1.  

Қоңыраугүлдідер – Campanulaceae Juss –Колокольчатые

1

2

  1.  

Лалагүлдер – LiliaceaeJuss.–Лилейные

1

1

  1.  

Орхидеялар – Orchidaceae –Орхидные

2

2

  1.  

Примулалар – Primulaceae Vent. –Первоцветковые

3

4

  1.  

Раушангүлділер – Rosaceae Juss. –Розоцветные

20

29

  1.  

Рияндар – Rubiaceae Juss. –Мареновые

1

2

  1.  

Сабынкөктер – Scrophulariaceae–Норичниковые

4

4

  1.  

Сарғалдақтар– Ranunculaceae Juss.– Лютиковые

9

14

  1.  

Тауқалақайлылар – Lamiaceae Lindl. –Яснотковые

4

5

  1.  

Тергүлділер  – Lytrhaceae Jaumt. –Дербенниковые

1

1

  1.  

Тарандар – Polygonaceae Juss. –Гречишниковые

2

5

  1.  

Талдар – Salicaceae Mirb. Ивовые

3

5

  1.  

Теңгебастар – Butomaceae Pich. –Сусаковые

1

1

  1.  

Шатыршагүлділер– Apiaceae Lindl. –Сельдерейные

2

2

  1.  

Шықшылдықтар – Droseraceae –Росянковые

1

1

 

Барлығы:

154

232

 
Жалпы түр саны бойынша ең көп кездесетінAsteraceae тұқымдасы (25 туыс пен 45 түр),  екінші орынды  Rosaceae Juss. тұқымдасы (20 туыс және 29  түр), үшінші орынды Fabaceae Lindl. тұқымдасы (10 туыс және 20 түр) тұқымдасы алды. Cruciferae Juss. тұқымдасынан 17 туыстың 19 түрі,  Poaceae Barnhart. және Ranunculaceae Juss.  тұқымдастарынан 9 туыстың 14 түрі, CaryophyllaceaeJuss. тұқымдасынан  4 туыстың 6 түрі кездесті, ал қалған тұқымдастардан 1-5 түрлерден кезікті.
AsteraceaeDumort.тұқымдасына жататын 19 түрі дәрілік өсімдіктерге жататыны анықталды. Кейбір түрлері фармакопеяға енгізілген. Оларға: Taraxacum officinale Wigg., Tephroseris integrifolia, Artemisia absinthium L., A. vulgarisL. Sp.pl.,  Achillea millefolium L., Tussilago farfara L., Chamomilla reculta жатады.
Artemisia vulgaris L. Sp.pl.– шалғындар мен орман алқаптарында өсетін кең таралған шөпті өсімдік. Жемісі, жапырақтары және гүлдерінің құрамы эфир майына өте бай. Эфир майларында кейбір терпеноидтар (соның ішінде камфора) және көптеген сесквитерпендер, соның ішінде туйон, азулендер және биологиялық белсенділігі дәлелденген басқа қосылыстар табылды. Ресми медицина Achillea millefolium L.дәрілік өсімдік ретінде таниды. Ол гемостатикалық, тұтқыр қабынуға қарсы және бактерияға қарсы агент ретінде қолданылады. Сондай-ақ зәр шығару жолдарының қабыну асқазан мен ішек аурулары үшін тағайындалады [14].
Rosaceae Juss. тұқымдасына жататынRosa spinosissima L., – Rosa a.s Lindl.құрамында С дәрумені және одан  басқа A, B, B2, K, P дәрумендері, минералдар, органикалық қышқылдар, флавоноидтар, таниндер мен глюкоза бар; тұқымдарында ванилин кездеседі. Бұл заттардың болуы Rosaceae Juss. тұқымдасына жататынөсімдіктердің құндылығын арттырады.Бұлтұқымдасқа жататын Rosa spinosissima L., Rubus idaeus L.,R. saxatilis L., Fragaria versa L. , Padus avium Mill. (P. racemosa Lam.) Gilib.), өсімдіктерінен  шай, тұнбалар дайындалады, ол дәмі жағымды ғана емес, сонымен қатар суыққа қарсы профилактика ретінде танымал, сергітетін әсер береді және сонымен бірге дененің қорғанысын aрттырады. С дәрумені антиденелердің пайда болуын ынталандырады және инфекцияларға қарсы қорғанысты белсендіреді. Жоғары температурада С дәрумені ағзаға тез тұтынылатындықтан, бұл адамның С дәруменінен қорғану үшін қажет екендігінің және оны ағзаға енгізу қаншалықты маңызды екендігінің тағы бір көрсеткіші.
Fabaceae Lindl. тұқымдасына жататын өсімдіктер де дәрілік қасиетке ие, олар: Glycyrrhiza uralensis., Trifolium pratense L., Medicago falcata L., Astragalus lasiophyllus., Lathyrus pratensis L., L.tuberosus L., Melilotus albus Medik., Caragana arborescens және т.б.  жараларды емдеу, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және ісікке қарсы әрекеттермен сипатталады, одан басқа антисептикалық, улануға қарсы, гемостатикалық қасиеттерге ие. Trifolium pratense L.препараттары ауыр етеккір, aнемия, қуықтың қабынуы, жатырдың қан кетуі, бронх демікпесі, бронхит, созылмалы жөтел, ентігу үшін қолданылады. Атеросклероздың алдын алу үшін, рахит ауруы кезінде балаларға арналған ванна жасағанда; көз бен құлақтың қабыну ауруларына, туберкулезге қарсы тиімді қолданылады [15].
 
Әдебиеттер
  1. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. – Алматы: Қазақстан, 1982. – 188 б.
  2. Гаммерман  А.Ф., Кадаев Г.Н. Лекарственные растения. – Москва:Высшая школа, 1991. – 544 с.
  3. Доброхотова К. В., Писарев А.А.Целебные растения вокруг нас.– Алма-Ата: Казахстан, 1980. – 144 с.
  4. Землинский С.Е. Лекарственные растения СССР. – Москва: Медгиз, 1953.  – 524 с.
  5. Кондратенко Г.П. Внедрение единой методической системы (Метод. рекомендации для преподавателей мед. и фармац. ин-тов)». – Киев: РМК, 1978. – 20 с.
  6. Есқалиева Б.Қ. Фитопрепараттар және табиғи биологиялық белсенді заттардың химиясы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2013. – 93 с. 
  7. Лавренов В.К. Современная энциклопедия лекарственных растений. – М: ОЛМА Медиа, 2007 . – 272 с.
  8. Султангазина Г.Ж., Хрусталева И.А., Куприянов А.Н., Адекенов С.М. Флора национального природного парка «Бурабай». – Новосибирск: Изд-во СО РАН, 2014. – 242 с.
  9. Хусаинов А.Т., Мемешов С.К., Дурмекбаева Ш. Н., Маханова С. К., Фахруденова И.Б., Курманбаева А. С., Хусаинова Р. К. «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қазіргі экологиялық ахуалы, оны жақсарту жөніндегі шаралар: монография.–Кокшетау: Мир печати, 2019. – 324 с.
  10. Флора Казахстана. Т.Т. І-ІХ., 1956-1966.
  11. Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. Из-во: Академии наук СССР, 1947. – 552 с.
  12. Cherepanov S.K. Vascular plants of Russia and adjacent states (the former USSR). 1995. –516 с.
  13. Арыстанғалиев С. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі.-Алматы: «Сөздік-Словарь», 2002. – 288 б. 32.  
  14. Георгиевский В.П., Комисаренко Н.Ф., Дмитрук СЕ./ Биологически активные вещества лекарственных растений .- 1996. -№3, с. 30-32.
  15. Лавренов В.К. Современная энциклопедия лекарственных растений. - М: ОЛМА Медиа, 2007 . - 272 с. 16.  

 

 

 

Звоните на номер:
Напишите нам
По всем вопросам, просим написать на почту! 
Мы находимся по адресу:
M02E6B9

Казахстан, г. Караганда