Дата публикации: 07.08.2023
Божбанова Меруерт Алиханкызы
7M05219 – «Геоматика және кеңістіктік жобалау»
мамандығының 2-курс магистранты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық дамуды басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырып, аумaқтық дaму үшін экономикaлық-әлеуметтік мәселелерді бaғaлaу.
Түйін сөздер: Әлеуметтік-экономикалық процестер, Алматы облысы, ГАЖ технологиялары, нарықтық инфрақұрылым, Еуропалық экономикалық одақ.
Аймақтық саясат, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған стратегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін өмір сүру қызметі және шаруашылықтанудың территориялық факторларын тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттік жалпы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясаттың мақсаты – территориялдық өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын құру және оңтайлы территориялдық еңбек бөлінісі негізінде әр аймақтың ресурстық өндірістік потенциалын тиімді пайдалану және халықтың өмір сүру қызметтері үшін сәйкес тең мүмкіндіктерін құруда болып табылады.
Аймақтық саясаттың мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
Бірінші кезеңде аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру болжанды. Оларға келесілер жатады:
- аймақтардың сәйкестілік шаруашылықтың даму қызметін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы кешенді шаруаларды құру;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сәйкес территориялдық артықшылықтарын анықтау;
Қазақстан Республикасының барлық территориясында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандырумен жеке аймақтарды селективті мемлекеттік қолдаудың келісімі.
Екінші кезеңде еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру болжанды, яғни:
Институционалды және нарықтық инфрақұрылымының, аймақтық және жалпы республикалық еңбек, капитал және тауар нарықтарының құрылуы және дамуы;
Артта қалған ауылдарды көркейту үшін материалдық негіз құру.
Республикамыздың экономикасын өсіру және көркейту жағдайында көптеген тапсырмаларды шешу үшін мүмкіндіктер пайда болды. Оларға жататындар:
- аймақаралық инфрақұрылымды құру және өндірістің территориалды ұйымын жетілдіру, экономиканың тиімді кеңістік құрылымын қалаптастыру;
- территорияның ғылыми-техникалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, экология-экономикалық теңдікті сақтау өндірістік кешеннің ресурстық-мақсатты тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
- нашар дамыған аймақтардағы әлеуметтік сфера және экономиканың депрессивті жағдайын бастан кешіруден сақтану, аймақтар бойынша халықтың өмір саласын және деңгейіндегі әртүрлілікті түзету.
Аймақтттық саясаттың мақсаты мен тапсымаларына сәйкес оның төмендегідей негізгі бағыттары бөлінеді:
- құрылымдық өнеркәсіптік және инвестициондық саясатқа сәйкес кәсіпорын санауышы бойынша жұмыстар ұйымдастыру, аймақтағы кәсіпорын мен өндіріс үшін беделді қажетті селективті көмек көрсету;
- аймақтық экспорттық потенциалын көбейту, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды көбейтуді қолдау;
- өнекәсіптің базалық саласындағы ірі кәсіпорындарда өндірістік қызметті көркейту және капитал концентрациялау мақсатында технлогиялық өзара байланысты өндірістің жаңа ұйымдастырушылық құрылымын құру;
- жергілікті рыноктарда тауар және қызмет ұсынысын көтеру, халықтың жұмысбастылығын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жеке меншік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестідамытуды қолдау;
- материалдық өндіріс және аймақтық инфроқұрылым сферасына тікелей шетел инвестициясын қоса инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- бюджеттен тыс көздерді, институционалдық инвесторлар жүйесін, ацмақтың қаржылық ресурсын қалыптастыру;
- табиғаттың ландшавты және әртүрлігін, генетикалық қорларын сақтау.
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу төжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
- республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
- қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де экономикалық әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
- басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялық» кө-рініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму «нәтижесі» болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжрибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды - коптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сөйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Американдық ірі экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсіз, «күннен-күнге өсіп отырған қиыншьшықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара-бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз өзгертіп отырады». Басқаша айтқанда, дәл біздің экономика сияқты, «әлсіз экономикалық жүйеге», барлық туындайтын қиындықтарға «эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі” үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салдарынан туындайды.
«Ұлы дағдарыс» жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Бүл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрініс тапты. АҚШ-тағы «жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға» сәйкес (1946 ж.) құрылған Президенттік экономикалық Кеңесі осы заңның талаптары бойынша барынша өндірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың кезендерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бүл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару орган-дарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияның міндеті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бүл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму басқармаі және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жос-парлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963 - 1967 жылдары жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 - 1992 жылдары) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мүнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым са-луға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, басқарматер және аймақтар). Ал басқарма құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мөселелер мен оларды салалық экономикамен байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің кептеген үкіметтік шешімдері арналған. Бүл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету. Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде, жоспарлау:
- басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;
- мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;
- көрсеткіштерді анықтау жөне олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
- алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;
- шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
- барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пункттерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші жөне алтыншыны айтуга болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдердің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді жөне де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше түжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджетгік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,.дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекетгік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Франциада, Австрияда жөне ФРГ-де 50% шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортгы ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита «Шенеуліктердің ақылдылығы телефон арқылы ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, жеңілдіктерімен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиімді және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекені күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту» деген. Бұл нәтижелер құлды-раушылық (стагфляция) жағдайына душар болған мемлекет үшін қолайлы. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негізінде:
- мемлекетгік шығындардың өсуі;
- салық ставкасының және мөлшерінің азаюы;
- мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану жатыр.
Бұл әдістің біреуін тандап алу алға қойылған мақсатқа немесе объектіні реттеуге байланысты. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтттауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбур болады және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл ішінде Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен «ғылым және білім экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі қүрылымдық факторы ретінде көрінеді». Қазақстанда бұл салаларга көңіл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесі бүрынғысынша, яғни қалдық қағидасымен жұмыс істеуде. Бірақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: “интеллектуалдық өндірісті қам-тамасыз етуде, өндіргіш күштерді дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негізгі мәселелерді шешуді ұмытып кеттік” деген.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде «экономикалық өсудің интенсивті моделінің» икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып табылады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ-тың ірі мамандары К.Р. Макконелл және С.П. Брю, «осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады» - деген. Мұндай саясат пен дем беруші (жұмыссыздық болганда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі жоғарыда аталған «көмекші» ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес (яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
Нарық жүйесі дамыған елдерде бүл механизмді қолдану төжірибесін зерттей отырып, мынадай бірнеше негізгі қорытынды шығаруға болады:
- монетарлы саясаттың әсерін «сезінетін» ұзақ мерзімді тәжірибенің басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмі әлсіздігінен пайыз мөлшері және инвестицияға дем берудің арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қисынсыздығын көрсетеді, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжірибеге терең талдау жүргізу нәтижесінде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетін несие бойынша пайыз мөлшерінің өсімі бұл несиеге физикалық және занды тұлғалардың қол жеткізуіне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенің қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегінде, дербес және мемлекеттік инвестициялаудың қысқару тенденциясына әкеледі. Бірақ бұл тенденция күшті трансмиссиондық механизмді қолдану арқасында біраз нивелирленуі (тегістелінілуі) мүмкін (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлікті, қолда бар тауарды іске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
Көптеген жағдайда несиенің арзандылығы (пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететіні туралы қорқыныш бостан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндірістік инвес-тициялауды жеделдетсе, нарыққа шығарылған тауарлардың санын арттырады. Мұнда, басқа да теңгермелі жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруіне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейін көрсететін мультипликатордың абсолютті параметрлерін анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келіп түссе, онда ол ақша массасын көбейтіп, артық сұранымның пайда болуына әкеледі.
- егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргізілетін болса, онда пайыз мөлшерінің деңгейі (несиеге байланысты) мемлекеттің бақылауы мен реттеуінде болуы керек. Экономика дағдарысы мен фискалды саясатты дамыту (жетіддіру) кезінде несиенің өңдірістік инвестицияны жеделдетудегі рөлінің төмендеуі қисынсыз көрінуі мүмкін. Несиелік және салық жеңілдіктерінің берілуі, сыртқы экономикалық тарифтік саясаттың шамадан тыс икемділігі - мемлекеттік реттеудің сенімді тетіктері, мұны АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапонияда, Оңүстік Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бірақ бұл тәжірибе Қазақстан Үкіметі 1994 жылдың басында кез келген несиелік және салықтық жеңілдіктердің алынып тасталынуы туралы шешім қабылдағанда ескерілмеді.
- жалпымемлекеттік мақсатқа жетуде ақша-несие механизмдерін тиімді реттеу көбінесе оны Қадағалайтын органдардың еркіндік дәрежесіне байланысты. Әлемдік тәжірибе бойынша, егер бүл органдар саяси ағымдар мен мүдделердің «шеңберіне» түссе, онда олардың іс-әрекеттерінің қорытындылары, жалпымемлекеттік тұрғыдан бағалау кезінде негативті болуы мүмкін. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегері Ф.Хайек ақша саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек деген қорытынды жасайды.
Өндірісі дамыған елдердің тәжірибесі, сонымен қатар аграрлы секторы жақсы дамыған елдердің экономикасында бағаға мемлекеттік және жанама әсер етуінің үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Егер бүкіл дүние жүзінде ешқашан және еш жерде мемлекеттің араласуынсыз «таза нарықтың» болуы мүмкін емес деген ғылыми делелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгілеудің толық және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ та бұл тәжірибе жеке мемлекеттердің экономикадағы бағаны реттеу үшін қолданып отырған механизмдер құрамының әртүрлі екенін көрсетеді және олардың құрамы кебінесе меншік сала формасының нақты арақатынасына; қысқа және үзақ мерзімдік шаруашылық және әлеуметтік мақсаттарға; халықаралық экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейіне байланысты екенін көрсетеді. Бұл жүйенің мәнісі - фермердің ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру нәтижесінде, ол өзінің шаруашылық жүмысынан қандай қорытынды алатынын анықтауға мүмкіндік табады. Бұл жерде кепілдік баға туралы сөз болып отыр. Егер нарықтағы бағаға күтпегеи тенденциялар әсер ететін болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етіледі. Соңғылары, кепілдік баға арқылы фермерден қабылданған өнім, олардың несиелері арқылы белгілі бір соманы қамтиды (баға көбейтілген өнім) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар еді. АҚШ фермерлерінің төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін, сонымен қатар мақсатты баға тәжірибесі Қазақстан жағдайында жүргізілсе пайдалы болар еді.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттің экономика өрісінде төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға ырқтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946 - 1947) 3-4 он-жылдыққа созылды. Бірақта, әлі күнге дейін Экономика министрлігі мен Үкіметтің тарапында сол елде ендірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шикізат материал ресурсының бағасы төмендеу фактісі ескеріледі, ал егер екінші топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттің осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу кезінде қолдану пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Біздің жағдайымызда француз үкіметінің шағын жөне орта бизнесті жеңілдетілген несие, салық салу механизмдері арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару ісін жүргізу тәжрибесі пайдалы болар еді.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауылшаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табиғи-климаттық фактордың қо-лайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және озекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандьгру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін анықтау “шығын қосылған табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер әртүрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе алады. Әлеуметтік бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы, олардың шеберлігі өседі және де ұйымдастыру мен өндірістік технологияның сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін уақытында қамтамасыз етілуінде (сондай-ақ өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл бөлінеді. Әлеумепік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнімдерше баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объектииті араласу әртүрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр Қазақстан Республикасының әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншіден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің қолдауына мұқтаж, әсіресе ғылыми-техникалық қызмет керсету бағыты мен нақты (инновациялық-инвестициялық шараларды іске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердің барлық табыстарының төрттен үшін құрайды. Канадада бұл көрсеткіш деңгейі шамамен 40% жетеді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмін жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ-тың ірі мамандары К.Р.Макконелл және С.П. Брю, «осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады» - деген. Мұндай саясат пен дем беруші (жұмыссыздық болганда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі жоғарыда аталған «көмекші» ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес (яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
ЕЭО елдерінде ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесінің шешімімен сала өнімдерінің бағасы 95% дейін реттеледі және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейі базар деңгейінің бағасының өзгеру деңгейіне байланысты негізделеді. Негізгі ауыл шаруашьшығы өнімдеріне (ет, сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басымдылық болган жағдайда «сиқырлы төртбұрышта» (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың міндеті кеңейеді. «Жүзетін» және нарық бағасының жұмыс істеу аясының кеңейуі тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бірыңғай жоспарлы бағамен «қызмет ету» бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнімдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгіленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты (жоспарлы мемлекеттік сатып алу үшін) және нарықты (сатып алу өзара шарттың үстінен) бағаны қабаттас енгізу. Дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің ықыласын қорғауда және экономикалық қатынастардың тиімділігін арттыруда лицензиялық, кедендік кірістер және тарифтік реттеу механизмдерін қолдану әр Қазақстан Республикасының геосаясатының, табиғи-тарихтық, табиғи-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне байланысты. Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мүнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1987 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, басқарматер және аймақтар). Сонымен қатар әлемдік нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кіру ықыласы ескеріледі.
Қорыта келер болсақ, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
- Қала бағдарламалары мен жоспарларын, әсіресе қаланың Бас жоспарын орындау, оны жетілдіру;
- Алматы облысы экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мен жарақтандыру;
- Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу;.
- Аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру;
- Еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру;
Ал жалпы Республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды топтарға бөлу қажеттілігі.
Нарықтық процесстерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру (специализациялау) қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақ топтарға бөлу керек деген тұжырым жасауға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 27 қаңтар 2012 ж.
2. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе/ Алматы: Қазақ университеті.2008.
3. Смағұлова, Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері/ оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2005.
4. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері/ оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2002.
5. Региональная экономика/ Под ред. Т.Г. Морозовой.- Москва. 1993г.
6. Исаева М.Г., Нурланова Н.К. Методы и практика оценки уровня устойчивости развития регионов Казхстана/ Министерство образования и науки РК. 2009.
7. Аскарова М. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ерекшелiктерi / ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы: Вестн. КазНУ. Сер. экономическая.- 2010.